Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов (28 тамыз 1970, Аягөз, Аягөз ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саяси және мемлекет қайраткері. Аягөз қаласының (2010-2014), Ұлан ауданының (2014), Аягөз ауданының (2014-2019) әкімі. Семей қаласының әкімі (2021-2022). Абай ауданынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың қаңтарына дейін).
Өмірбаяны Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылы 28 тамызда Қазақстанның Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 1992 және 2008 жылдары «инженер-электрик» және «экономист» мамандықтары бойынша екі жоғары білім алып, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Орталық Азия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Аягөз электр желілері мекемесі «Алтайэнерго» кәсіпорнында инженер болып бастады. 2005 жылға дейін электрмен жабдықтау саласында жұмыс істеп, басшылық қызметтерге дейін көтерілді.
2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру — құқықтық жұмысы басқармасының басшысы болды. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы лауазымында еңбектенді.
2009-2010 жылдары — Өскемен қаласының құрылыс бөлімі басшысы қызметін атқарды.
2010-2014 жылдары — Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі болды.
2014 жылдың 9 шілдесінен 2014 жылдың 29 желтоқсанына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2014 жылдың 30 желтоқсанынан 2019 жылдың 17 сәуіріне дейін — Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі болды.
2019 жылдың 18 сәуірінен 2021 жылдың 27 маусымына дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары лауазымында еңбек етті.
2021 жылдың 28 маусымынан 2022 жылдың 28 тамызына дейін — Семей қаласының әкімі қызметін атқарды.
2022 жылдың 26 тамызынан 2023 жылдың 14 қаңтарына дейін — Абай облысынан ҚР Парламентінің Сенат депутаты болды.
2023 жылдың 6 ақпанынан 2023 жылдың шілдесіне дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылы шілде айында Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды .
Марапаттары ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі; ҚР Президентінің 2020 жылдың 3 желтоқсанындағы № 461 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Төтенше жағдайлар Министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 3 бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі; ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашасындағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі; ҚР Президентінің 2016 жылғы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі; ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі; ҚЭЭҚ еңбегі сіңген энергетигі атанды.
Дереккөздер
Санат:Семей әкімдері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Ұлан ауданының әкімдері Санат:Аягөз ауданының әкімдері Санат:Аягөз әкімдері