Бердіқожа батыр кесенесі – жергілікті мәртебедегі тарихи-мәдени ескерткіш, зиярат ету орны.
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Татан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде, Көкшетау мен Қарақойтас тауларына жақын жердегі Дағанделі өзенінің оң жағалауы жарқабағының биік басында орналасқан.
Кесене сипаты Бердіқожа батыр кесенесі тұрғызылған қырқа айнала қоршаған ортадан едәуір биік. Бұл нысанды едәуір қашықтықтан табиғи ландшафтың фонында тамашалауғы мүмкіндік береді. Ескерткіштің осындай тиімді орналасуы жүздеген жылдар бойы жүргіншілерге бағдар болғандығын саяхатшылардың жазбаларынан белгілі. Жоспары бойынша төртбұрышты кесененің көлемі – 6,50х6,25 м. Қабырғалары 40х25х10 см өлшемдегі тікбұрышты қам кірпіштерді екі қатар етіп, жалпағынан жатқызып қалаған, қалыңдығы – 0,5-0,55 м. Кірпіштедің арасы қиыршық тас араласқан өзен балшығымен 2-2,5 см қалыңдықта дәнекерленген. Қабырғаларының астыңғы жағына оны нығайту үшін ірі қойтастар қойылған. Есік орналасқан қасбеті оңтүстік-батысқа қараған. Ғимаратқа кіреберісте кішігірім бөлме бар. Кесененің едені әк аралсқан сылақпен сыланған. Кесененің орта түсында қам кірпіштерден қаланған трапеция тәріздес қабір үсті қүрылысы орналасқан. Кесене орналасқан жерде 3200 жыл аралығындағы ескерткіштердің болуына қарағанда адамдар бұл аймақты ежелден-ақ қасиетті орын деп есептеген. 2016 жылы құлаған жерлеу құрылысының үстіне қазіргі заманауи материалдардан дулыға пшінді кесене тұрғызылды.Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
Дереккөздер
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қарағанды облысы сәулеті