нобай|300px|«Нормандия — Неман» авиаполкының ұшқыштары нобай|300px|Калининградтағы мемориал thumb|150px|Полк белгісі Нормандия — Неман () — 1943—1945 жылдары Кеңестердің 1-ші әуе армиясы құрамында фашистік күштерге қарсы шайқасқан Францияның авиациялық полкы.

Бұл әскери құрылым басында франциялық провинцияның құрметіне орай «Нормандия» деп аталып, 1942 жылдың күзінде эскадрилья ретінде құрылған еді. Кейін оның атына Неман сөзі қосылып (КСРО-ның батысындағы өзен атауы), құрылымның дәрежесі және құрамы артты.

Францияның ұшқыштары Иваново қаласына 1942 жылдың 28 қарашасында ұшып келді. Алғашқы әскери ұшақтары Як-1 болды. Бастапқы құрамында 14 ұшқыш пен 58 механик болған.

Полк 1943 жылы Курск шайқасына, 1944 жылы Беларусь операциясына, 1945 жылы Шығыс Пруссия жерінде (қазіргі Калининград өңірінде) орын алған шайқастарға қатысты.

Жалпы есеппен полкта әр жылдары 96 пилот болды, оның ішінде 42-і шайқастарда қайтыс болған. Полк күштері 1943 жылдың наурызынан 1945 жылдың мамырына шейін немістердің 273 ұшағын жойып түсірді.«Нормандия — Неман» мұражайының сайты

Соғыстан кейін аиваполк Францияға оралып, сол елдің әскери әуе күштерінде қызметін атқаруды жалғастырды.

Тарихи ықпалы 1960 жылы Франция мен КСРО бірлесіп «Нормандия — Неман» атты көркем фильмді түсірді.

Әртүрлі қалаларда бұл әскери құрылымның атымен аталған көшелер бар, оның ішінде Астанада және Смоленскіде.

Ле-Бурже коммунасында, Мәскеуде және басқа да елді мекендерде эскадрильянің/полктың құрметіне қойылған ескерткіштер бар.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Моңғол араты эскадрильясы

Санат:1942 жылы құрылған әскери құрылымдар Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері