Рутул тілі (Rutulian language) — иберия-кавказ отбасының нах-дағыстан тармағының лезгин ішкі тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтілік белгілері бар). Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі (Дағыстан Конституциясы 1994; 1998).

Референтті халық Референтті халық: рутулдықтар, рутулдар; өз атауы – мых абдыр, мыхадар.

Географиялық таралуы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша Ресейде рутул тілінде сөйлейтіндердің саны 30 360 адамды құрады (Дағыстанда – 25 947 адам).

Рутул тілінде сөйлейтіндер Дағыстанның келесі ауылдарын қамтиды: Рутул (МыхаIд), Шиназ (Сыназыр), Ихрек (Йирек), Мюхрек (МыIхрек), Лучек (Лычекды), Амсар (Амцурды), Борч (Быджед), Кина (Къинад), Вуруш (Вырышдед), Нацма (НацIма), Фартма (ФартIма), Джилихур, Кала (КIаIълидед), Пилек, Уна, Куфа (Гухьада), Фчох (Фучухъ//Хьучухъ), Хнюх (ХыIныIхъ), Киче (Хьичед), сондай-ақ Әзербайжанның Шеки және Ках аудандарындағы бірнеше ауылдар (Шин, Гейбулах, Хырса, Шор-су, Даш-юз т.б.).

Диалектісі Негізгі диалектілері: мухад, шиназ, мюх­рех (шығыс диалектісін құрайды, будух тілі мен крыз тіліне жақын); ихрек, борчи-хнов (оңтүстік-батыс диалектіні құрайды, цахур тіліне жақын).

Жазуы Қазан төңкерісіне дейін рутульцы араб жазуын қолданған. Араб графикасында (аджам) XVIII ғасырдағы ашуг Кюр Раджабтың рутул тіліндегі ән мәтіні белгілі. Кириллицаға негізделген заманауи рутул әліпбиі 1990 жылы енгізілді.

+Латын негізіндегі рутул әліпбиіA aAӀ aӀB bC cÇ çÇʼ çʼD dE eӘ әF fG gGʼ gʼGh ghĞ ğH hX xXh xhI ıIӀ ıӀİ iJ jK kKʼ kʼQ qQʼ qʼQh qhL lM mN nO oP pPʼ pʼR rS sŞ şT tTʼ tʼTs tsTsʼ tsʼU uÜ üUӀ uӀV vY yZ zʼ

+Кириллица негізіндегі рутул әліпбиіА аАӀ аӀБ бВ вГ гГъ гъГь гьГӀ гӀД дЕ еЁ ёДж джЖ жДз дзЗ зИ иЙ йК кКъ къКь кьКӀ кӀЛ лМ мН нО оП пПӀ пӀР рС сТ тТӀ тӀУ уУь уьУӀ уӀФ фХ хХъ хъХь хьЦ цЦӀ цӀЧ чЧӀ чӀШ шЩ щЪ ъЫ ыЫӀ ыӀЬ ьЭ эЮ юЯ я

Дереккөздер

Санат:Ресей тілдері Санат:Дағыстан тілдері