Сыған тілі (Gipsy / Romany language) үндіеуропалық тілдер отбасының үнді (үнді-арийлік) тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады (агглютинацияға бейімділікпен).
Референтті халық Референтті халық: сығандар; өз атауы – рома (адамдар).
Географиялық таралуы Сығандардың ата-бабалары Үндістан жерінен шыққан. Бастапқыда олар Иран мен Египетте қоныстанып, ΙΙ мың. басында Балқан түбегі мен Африканың солтүстігіне қарай жылжыды. ХІІ-ХV ғғ. сығандар Еуропаға, ХІХ ғ. Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Аустралияға қоныстанды. Сығандар әлемнің барлық дерлік елдерінде үлкен немесе шағын топтар болып, кезбе өмір салтына байланысты есепке алу өте қиын.
Сыған тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен: {| | valign="top" | Румыния: 621 573
Болгария: 325 343
Мажарстан: 315 583
Түркия: 280 000
Франция: 215 000
Грекия: 160 000
Сербия: 147 604
Ресей: 128 197
Словакия: 105 700
Германия: 85 000
Солтүстік Македония: 53 900Украина: 47 600
Италия: 42 000
Аустрия: 20 000
Хорватия: 16 975
Польша: 12 850
Босния және Герцеговина: 12 583
Албания: 12 000
Бельгия: 10 000
Швеция: 9500
Молдова: 9323
Черногория: 8305Беларусь: 6848
Чехия: 5135
Латвия: 4983
Словения: 3246
Финляндия: 3000
Нидерланд: 3000
Литва: 2115
Дания: 1500
Эстония: 1100
Ұлыбритания: 1000
Испания: 1000
Диалектісі Сыған тілі шет тілдік ортада қолданылып және дами отырып, онымен байланыста болатын тілдер өз ықпалын тигізетініне қарамастан, үндіарийлік сөздік қорын және байырғы белгілерін сақтап қалды.
Ерекше қарқынды лингвистикалық байланыстардың нәтижесінде, ең алдымен, құпия тілдер ретінде қолданылатын бірнеше аралас сыған диалектілері (Ұлыбритания, Испания және Португалия, Скандинавия елдерінің және басқалардың диалектілері) қалыптасты. Соңғы онжылдықтарда лингвисттердің бірнеше топтары тарихи дамуға негізделген лингвистикалық тұрғыдан сыған диалектілерінің жаңа классификациясын жасады. Осы жіктеу бойынша диалектілер мынадай топтарға бөлінеді: Солтүстік сыған диалектілері; Орталық еуропалық сыған диалектілері; Балқандық сыған диалектілері; Влах диалектілері.
Жазуы Сығандардың алғашқы жазбалары 16 ғасырға жатады және олар Батыс Еуропа гуманистерінің еңбектеріндегі шағын сөздіктер мен жеке сөз тіркестерінің аудармалары болып табылады. Стандарттаудың бірінші әрекеті 1920 жылдары КСРО-да жасалды, әдеби тілдің негізі ретінде солтүстік орыс диалектісі қолданылды. 1927–38 жылдары 250-ден астам кітап жарық көрді. 1927 жылдан бастап КСРО сығандары Ґ ґ әрпін қосып, Щ щ және ъ (орыс сығандарының диалектісі) әріптерін алып тастау арқылы орыс тілінің негізіндегі әліпбиді қолданды.
Орыс сығандарының алфавиті: А аБ бВ вà 㥠ґД дЕ еЁ ёЖ жЗ зИ иЙ йК кЛ лМ мН нО оП пР рС сТ тУ уФ фХ хЦ цЧ чШ шЫ ыЬ ьЭ эЮ юЯ я
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері Санат:Еуропа тілдері