Ержан Нұрланұлы Жиенбаев (20 желтоқсан 1981, Алматы) — қазақстандық саясаткер және заңгер, 2019–2023 жылдары және 2026 жылдан бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2023–2026 жылдары Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

Өмірбаяны Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы заң мамандығы бойынша «Тұран» Университетін, 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

2002–2005 жылдары Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005–2019 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді: 2012 жылға дейін Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары, 2012—2013 жылдары Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2013—2019 жылдары Заң бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылғы шілде – қазан аралығында Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2019 жылдан бастап қазірге дейін Президент Әкімшілігінде құқықтық мәселелерге жетекшілік етеді.

2019–2023 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етті.Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы туралы

2023–2026 жылдары Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Жиенбаев Ержан Нұрланұлы 2025—2026 жылдары Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары болды.Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды: оның құрамына кім кірді 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі болды.Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы

2026 жылғы 3 маусымда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.Е.Н. Жиенбаев туралы

Марапаттары «Құрмет» (2016), «Парасат» (2021), «Барыс» (2025) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2021), 7 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұран университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері