Ульчи тілі (Ulch language) — орал тілдер отбасының тұңғыс-маньчжур тармағының амур ішкі тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (жұрнақты аффикстенуі мен фузиясы бар), номинативті құрылыспен сипатталады.
Референтті халық Референтті халық: ульчи; өз атауы – нани (адамдар).
Географиялық таралуы Хабаровск өлкесінің Ульчск ауданында (Амур өзенінің төменгі ағысында) қолданылады. Сөйлеушілер саны 154 адам (2010 жылғы халық санағы).
Диалектісі Диалектілері жағынан ульчи тілі біртекті. Ұзақ уақыт бойы улчи тілі нанай тілінің диалектісі болып саналды.
Жазуы 1930 жылдары жазу енгізілген кезде латын әліпбиіне негізделген нанай әліпбиі, оқыту үшін әдеби нанай тілі қолданылды. Әдеби ульчи тілі қалыптаспаған. Қазіргі уақытта бастауыш мектепте оқытылады.
1980 жылдардың аяғында жасалған ульчи әліпбиі: А а Б б В в Г г Д д Д’ д’ Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Л л М м Н н Н’ н’ Ӈ ӈ О о П п Р р С с Т т У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ ъ Ы ы ь Э э Ю ю Я я
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері