Ғұзар () — Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысындағы қала. Ғұзар ауданының әкімшілік орталығы. Халық саны: 22 700 адам.
Сипаттама Қала облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 шақырым жерде Гузардария өзенінің бойында орналасқан аудан орталығы. Ғұзар аумағы Қаршы даласы деп аталатын жазықтың оңтүстік-шығысындағы аумақты алып жатыр. Қаланың сыртында, шығыс пен оңтүстікте Гисар жотасының сілемдері басталады. Ғұзар маңызды аймақтық көлік торабы болып табылады. Мұнда үш автомобиль жолы түйіседі – Қаршыға (және Бұхараға), Самарқан мен Термезге, сонымен қатар Қаршы-Шахрисабз теміржол желісі өтеді.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Ғұзар — шағын қала. Халық саны бойынша өз елінде 84-орында (Өзбекстан), облыста 8-ші орында (Қашқадария облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 14810 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Қамашы (28 км), Ақалтын (41 км), Қарашина (41 км), Қаршы (48 км), Жаңа Нышан (48 км), Яккабаг (54 км), Шырақшы (54 км), Бескент (56 км), Ескі Жекебақ (61 км), Шаһрисабз (69 км), Тәлімаржан (70 км), Қасан (74 км), Китаб (77 км), Мұғлан (80 км), Жаңа Мырышкер (88 км), Мираки (88 км), Мағданлы (92 км, Түрікменстан), Байсын (94 км), Нұрабат (109 км), Ұрғыт (121 км).
Экономикасы және инфрақұрылымы Қаланың айналасы ауыл шаруашылығы алқаптарымен қоршалған, елді мекеннің өзінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар (мақта тазалау зауыты) бар. Одан бөлек құрылыс компаниялары, химия, агрохимия кәсіпорындары жұмыс жасайды.
Жергілікті көрікті жерлер арасында заманауи футбол алаңын, жаңа спорт кешенін және 1940 жылдары Өзбекстанда әскери тұтқын ретінде болған поляк жауынгерлеріне арналған зиратты-мемориалды атап өтуге болады.
Жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, кәсіптік колледждер, орталық кітапхана, клуб мекемелері, мәдениет үйлері, мәдениет және демалыс саябақтары бар. Халыққа орталық аудандық аурухана, емхана, дәріхана және басқа да емдеу мекемелері қызмет көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Қашқадария облысы қалалары