Анатолий Федорович Шалов — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өмірбаяны 1923 жылы Омбыда дүниеге келген. КОКП мүшесі.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Взвод, рота, батальон командирі.

1945 жылдан бастап шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстарда істеді. 1945-1985 жылдары партия қызметкері, Қазақстан комсомолы Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің (обком) бірінші хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) Қостанай қалалық комитетінің бірінші хатшысы, ҚКП крайкомының қызметкері, Қазақ КСР ауылдық құрылыс Министрінің орынбасары, ҚКП Жамбыл обкомының хатшысы, екінші хатшысы, ҚКП ОК әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі.

9-шы, 10-шы және 11-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

2002 жылы қайтыс болып, Алматының Орталық зиратында жерленген.

Алматыда Әуезов ауданында Шалов көшесі бар.

Дереккөздер

Әдебиет Әшімбаев Д. В. Кто есть кто в Казахстане. Өмірбаяндық энциклопедия. - Алматы, 2008.

Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары