Асантүнегенкөл — көл, Атырау облысы Жайық өзені жағасында, Индер ауданы.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Асан (антропоним) + түн + е +ген (етістіктің есімше тұлғасы) + көл (зат есім, географиялық термин) сөздернен құрылған көптұлғалы атау. Ел аузындағы аңыз бойынша, Асанқайғы жұртын бастап көшкенде Таскешумен Жайықтың арғы бетіне өтіп, осы шағын көл жағасында түнеген. Көктемде Жайық суы тасыған кезде су жиналады, жаз кезінде тартылып, кеуіп қалады. Көл Қарасу деп те аталады.
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы көлдері