Президент саябағы — Қазақстандағы ең үлкен саябақ.Астана — инвестициялық қала сайтындағы ақпарат Жалпы ауданы шамамен 830 мың м² құрайды.
Ол Астана қаласында, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Өзеннің ар жағында Ақорда ғимаратын көре аламыз. Саябақтың ішінде Бейбітшілік және келісім сарайы тұрғызылған. Батысында өзен ақса, шығысында саябақ Тәуелсіздік даңғылымен, ал солтүстігінде Байтұрсынов көшесімен шектелген.
Саябақта көптеген жасанды ағындар, субұрқақтар мен гүлзарлар бар. Ал биіктіктен қарағанда, ландшафтында Самұрық құсының бейнесін көруге болады.
Президент саябағы Триатлон-паркпен және кейбір басқа жасыл аймақтармен инфрақұрылымдық деңгейде біріктірілген.Нұр-Сұлтан қаласының бет-бейнесі қалай өзгереді — Sputnik.kz, 28.09.2020
Дереккөздер
Тағы қараңыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы (Алматы)
Санат:Астана саябақтары