Ақжонас — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл. Атау жайлы екі болжам қалыптасқан. Біріншісі, қалмақ қызы Ақжүністің аты бертін келе Ақжонас болып өзгерген деген болжам. Екінші болжам атаудың мағынасымен байланысты. Мысалы, М.Қожанұлы бұл сөз моңғолдың «эхе», «аға» және «чинос» немесе «жонас» - қасқыр сөздерінен шыққан, сондықтан «аға қасқыр», «үлкен қасқыр» деген мағына береді деп санайды.

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері