Ғани бай мешіті (ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші.

Орналасқан жері Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Шаляпин көшесі, 21.

Сипаты Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері 27х14 м, минаретінің биіктігі 21 м. Ғимарат жоспарында тікбұрышты, бір қабатты, солтүстік жағынан минарет жалғанған. Ғимарат аумағы қабырға арқылы екі бөлмеге намаз оқитын залға және вестибюльге бөлінген. Шатыры жабын қаңылтырмен жабылған, едендері ағаштан жасалған, қабырғалары сыланып, әктелген. Ғимараттың архитектурасы "кірпіш стилінің" ең бір жақсы дәстүрінде шешімін тапқан – қасбеттері әртүрлі қуыстар түрінде ерекше көркем өңделген жауырыншалармен сомдалған, аралық және көмкеруші ернеулер кірпішті әдістермен әсемделген. Минареттің негізгі аумағы сегіз қырлы болып орындалған, қабырғалары филенкалармен жетілдірілген, осы аумақтың үстінде орналасқан күмбездеуші бөлік – аркалары мен ойықтары бар цилиндрлі, ол жабын қаңылтырының "қабыршақты" тіліктерімен жабылған сүмбілі күмбезшеден ернеу арқылы бөлінген. Мешіт архитектурасы – Қазалы қаласындағы өзіндік еркешелігі бар мешіттердің бірі болып табылады. Ескерткішті 1979 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қызылорда облысы сәулеті Санат:Қазақстан мешіттері