Ноғай (Нұралы) мешіті (ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші.
Орналасқан жері Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Жанұзақов көшесі, 51.
Сипаты Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері 28х15 м, минаретінің биіктігі 26 м. Ғимарат жоспарында тікбұрышты, көлденең осі бойынша батыстан шығысқа созылған, төбесі жабын қаңылтырмен жабылған. Мешіттің жоспары инфилядты, бөлмелер көлденең осіне симметриялы. Ғимараттың ортасында биік минарет бар, оның екі жағында қосалқы бөлмелер орналасқан. Осы аумақтан батысқа қарай бірінен соң бірі орналасқан намаз оқитын михрабты екі зал бар. Михрабы жарты шеңберлі апсид түріндегі болып келген. Залдар бір бірінен үш аркалы ойықтары бар қабырғамен бөлінген. Михрабтан шығысқа қарай үш аркалы ойықтары бар қабырғамен бөлінген екі бөлме орналасқан, оның шығысындағысы – дәліз (кіреберіс бөлме). Қасбеттері "кірпіш стилі" деп аталатын жергілікті айшықты қаландылармен әсемделген. Ғимараттың ең биік элементі – минарет үш бөліктен: негізден, терезе ойықтары бар діңнен және одан ернеу арқылы бөлінген күмбезшеден тұрады. Ескерткішті 1979 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қызылорда облысы сәулеті Санат:Қазақстан мешіттері