Тоғайтал, Ойтал – Шу өзенінің алабындағы өзен. Меркі өзенінің оң тармағы.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданының жерімен ағып өтетін өзен. Ұзындығы 62 км, су жиналатын алабы 302 км2. Ойтал тау алды жазығына шыққаннан кейін Ойтал кентінен төменіректе (8 км) Меркі өзеніне қосылады. Қорағатыға құяр тұсында ‘’Тоғайтал’’ деп аталады.

Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен басталып, Тасөткел ауылы тұсында Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Аңғары тар, ені 1,5 км. Арнасы шоңғалды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Орташа жылдық су ағымы Ойтал ауылы тұсында 0,52 м2/с. Ауданның шаруашылықтары егін суаруға пайдаланады.Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу су алабы