Бәйгеқұм — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Бәйгеқұм ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2235 адам (1152 ер адам және 1083 әйел адам) болса, 2009 жылы 2652 адамды (1344 ер адам және 1308 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1978 – 96 жылы көкөніс-бақша өсіру бағытындағы өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Бәйгеқұмда ЖШС жұмыс істейді. Бәйгеқұм арқылы Шымкент – Қызылорда темір жолы өтеді.
Ауыл суреттері
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері