Мұрғап () — қала, Түрікменстанның Мары уәлаяты Мұрғап атырабының орталығы. Қала халқы 10 000 адамды құрайды.
Географиялық сипаттамасы Мары уәлаятыының орталығында, Марыдан оңтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде, Мұрғап өзенінің атырауының орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың Мары-Серхетабад желісінде теміржол стансасы бар, ал Марыдан оңтүстікке қарай Ауғанстан шекарасына апаратын A388 тас жолы Мұрғап арқылы өтеді.
Тарихы Қала Мұрғап өзенінің атымен аталған. Халықтық этимологияда «Мұрғап» сөзі түрікмен тіліндегі «мур» түбірінен шыққан, яғни «су» дегенді білдіреді, сөзбе-сөз «су тамшылары» немесе «жаңбыр тамшылары» деп аударылады. Кеңестік кезеңде сол кездегі қала үлгісіндегі елді мекен Иосиф Сталиннің құрметіне Сталино деп аталды. 1961 жылы Кеңес Одағының астанасы Мәскеудің құрметіне бұл атау Московский, кейінірек Мұрғап болып өзгертілді. 2016 жылдан бастап қала мәртебесін алды.
Экономикасы және әлеуметтік нысандары Кеңес дәуірінде мұнда асфальт және кірпіш зауыттары болған, ал 1974 жылы мақта өңдеу зауыты салынған. Мұрғап агроөнеркәсіптік қоныс болып саналады, онда аймақтағы дәстүрлі мақта тазалау зауытынан басқа, құрылыс индустриясы кәсіпорындары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан қалалары