Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев (1 қаңтар 1980, Биғаш ауылы, Көкпекті ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері. Семей қаласының әкімі (2025 жылдың 14 қазанынан бастап).
Өмірбаяны 1980 жылы 1 қаңтарда Семей (қазіргі Абай) облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында дүниеге келген.
Білімі 2000 жылы Қазтұтынуодағы Семей аң-терісі колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау» мамандығы бойынша бітірген.
Сондай-ақ, Тұран университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» (2005) және «Құқықтану» (2012) мамандықтары бойынша бітірген.
2021 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы РХШжМҚА бітіріп, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін алды.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2000 жылы «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында несие қызметкері болып бастады.
2001-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: 2001-2002 жылдары — БЭК-кеңсесінің маманы; 2002-2004 жылдары — кепілдікті процессинг және мониторинг бөлімінің басшысы; 2004-2005 жылдары — несиелік қолдау және мониторинг басқармасы басшысы; 2005-2009 жылдары — несие басқармасы басшысы; 2009-2012 жылдары — несиеден кейінгі қызмет көрсету басқарма басшысы; 2012-2013 жылдары — атқарушы директор.
2013 жылдың 25 ақпанынан 6 наурызына дейін — Алматы қаласы, «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болды.
2013-2014 жылдары — Семей қаласындағы «Темірбанк» АҚ филиалының директоры лауазымынды жұмыс істеді.
2014-2021 жылдар аралығында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (қазіргі «Отбасы» банкі)» әртүрлі лауазымдарды атқарды: 2014-2016 жылдары — операциялар департаментінің директоры; 2016-2017 жылдары — басқарушы директор; 2017-2021 жылдары — басқарма төрағасының орынбасары.
2021-2022 жылдары — Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Сервис фабрикасы бас директоры болып еңбек етті.
2022-2024 жылдары — Абай облысының қаржы басқармасы жетекшісі лауазымының міндетін атқарды.
2024-2025 жылдары — Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды.
2025 жылдың 12 қазанында Семей қаласы әкімінің сайлауы өтті. Өзін-өзі ұсынған кандидат Ә.Н. Қожанбаев 89 441 дауыс жинады. Ол дауыстардың 77,1%-ын жинап, Қазақстандағы облыс орталығының алғаш рет халық сайлаған әкімі атанды.
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданында туғандар Санат:Тұран университеті түлектері Санат:Семей әкімдері Санат:Көкпекті ауданының әкімдері