Имроз (не Имброс; , Ímvros, ), 1970 жылғы 29 шілдеден бері ресми Гөкчеада () делінетінAlexis Alexandris, "The Identity Issue of The Minorities in Greece And Turkey", in Hirschon, Renée (ed.), Crossing the Aegean: An Appraisal of the 1923 Compulsory Population Exchange Between Greece and Turkey, Berghahn Books, 2003, p. 120 Түркияның ең ірі аралы, Чанаккале иліне тиесілі. Арал Эгей теңізінің солтүстік-солтүстік-шығысында, Сарос шығанағы кіреберісі маңында орналасқан. Түркияның ең батыс нүктесі, Инджебурун мүйісі, Гөкчеадада орналасқан. Гөкчеада аралының ауданы — 286,8 шаршы километр.
2023 жылғы санақ ақпаратынша аралда 10 721 адам тұрды. Гөкчеаданың басты индустриялары — туризм мен балық аулау. XX ғасырдың соңына қарай арал тұрғындарының көпшілігі 1960 жылдан кейін Кіші Азиялық келген түріктер еді және Гөкчеада байырғы грек халқының саны XXI ғасырдың басында 300 адам болып азайды.
Тарихы бойы, яғни Темір дәуірінен 1960 жылдарға дейін арал тұрғынының көпшілігі этникалық гректер еді. 1960 жылдары Исмет Инөнү үкіметі гректерге қарсы этникалық тазарту мен дискриминация кампаниясын жүргізді де, гректер Батыс Еуропа, Америка Құрама Штаттары мен Аустралияға миграциялауға мәжбүр болды. Имбростан кеткен гректер диаспорасының саны бүкіл әлемде 15 000 адам делінеді және олар Түркияда ерекше сәйкестікке ие.
Белгілі тұлғалары Варфоломей (Архондонис) (1940 жылы туған), Константинополь патриархы Иаков (Кукузис) (1911–2005), Америка архиепископы
Дереккөздер
Санат:Түркия аралдары Санат:Эгей теңізі аралдары