Митрополит Епифаний (), туғанында Сергей Петрович Думенко (; 3 ақпан 1979 жыл, Одесса облысы) — Украина православие шіркеуінің (УПШ) күтушісі, Киев және бүкіл Украина митрополиті (2018 жылдан).

2018 жылғы 15 желтоқсандағы Біріктіруші собор тарабынан қазіргі лауазымына сайланғанына дейін канон танымаған Киев патриархаты Украин православие шіркеуінің епископы болды. 2013 жылдан 2018 жылға дейін ол шіркеудің Переяслав және Белая Церковь митрополиті болды. 2010 жылы ол епархияға тағайындалды.

Епифаний бұрын Киев діни академиясының Інжіл және филология тәртібі департаментінде профессор, Украина ұлттық журналистер одағында және Халықаралық журналистер федерациясында мүше болды.

Ерте жылдары және оқуы Сергей Петрович Думенко 1979 жылғы 3 ақпанда Одесса маңындағы Ивановка ауданының Волково ауылында туған. Бала шағын мен мектеп жылдарын Черновцы облысындағы Сторожинец ауданының Старая Жадова ауылында өткізді. 1996 жылы ол Старая Жадовада мектебінің жоғарғы сыныптарын бітірді.

1996 жылы Думенко Киев діни семинариясындағы оқуын бастап, 1999 жылы аяқтады. Сол жылы ол оқуына оралып, 2003 жылы дін ілімі докторы атанды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін ол Грекиядағы Афины университетінің философия факультетінде тағылымдама жасады.

2012 жылғы 30 тамызда ол доктор диссертациясын сәтті қорғап, дін ілімі докторы атанды.

Қызметі нобай|солға|150px|Епифанийдің таңбасы 2003 жылғы 1 шілдеден 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін Епифаний Ровно мен Острог митрополитінің жеке хатшысы мен Ровно епархиялық әкімшілігінің хатшы-референті болды. 2003 жылғы 26 тамыздан 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін ол Ровно семинариясында сабақ берді және аға инспектор көмекші қызметін атқарды.

2003 жылдан 2005 жылға дейін ол «Рівне Православне» (Ровно Православиесі) веб-порталын жүргізді және «Духовна Нива» (Рухани алаң) діни газетінің редакция алқасына мүшелік етті. 2005 жылғы желтоқсанда ол Украина ұлттық журналистер одағына мүше болып қабылданды.

2007 жылғы оқу жылынан бері ол Киев православие дін ілімі академиясында оқытып жүрді, кейін филология департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2007 жылғы 21 желтоқсанда Переяслав-Хмельницкий архиепископы Димитрий (Рудюк), патриарх Филареттен бата алып, Думенконы Михаил алтын басты монастырьіне монах қылып қабылдады. Кипрлік Епифанийден үлгі алған Думенко өзіне Епифаний есімін таңдады. 2008 жылғы 20 қаңтарда Филарет оны иеромонах қылды. Кейін, дәл осы айда (25 қаңтарда), ол патриарх Филареттің хатшысы болып тағайындалды.

2008 жылғы наурызда ол Владимир соборында архимандрит атанды. Кейін, дәл осы айда (20 наурызда), ол Киевтегі Выдубичи монастырьінің губернаторы болып тағайындалды. 2008 жылғы 30 мамырда ол Киев патриархаты істерінің жетекшісі лауазымына ие болды. 2008 жылғы 7 қазанда ол Киев православие дін ілімі академиясының доценті титулына ие болды.

2009 жылғы 21 қазанда КП–УПШ Киелі Синоды оны Киев епархиясының викарийі, Вышгород епископы етіп тағайындады. 2009 жылғы 15 қарашада ол епископ атанды.

2010 жылғы 27 шілдедегі КП–УПШ шешімінше ол Киев православие дін ілімі академиясының ректоры және Переяслав-Хмельницкий епархияның губернаторы болды. 2011 жылғы 17 қарашада ол сол академияның профессоры болды.

2012 жылғы 23 қаңтарда ол архиепископ титулына көтерілді. КП–УПШ Епископтар кеңесінің 2013 жылғы 28 маусымдағы шешімінше Епифаний Переяслав-Хмельницкий және Белая Церковь архиепископы және епархиялық епископ құқылы патриархтық губернатор атанды. 2017 жылғы 13 желтоқсанда ол Переяслав және Белая Церковь митрополиті атанды.

2019 жылғы сәуірде ол Украин тілі жайлы заңды қолдаймын деді.

2020 жылғы 21 тамызда Епифаний Киевтегі Әулие Михаил алаңында реновацияланған Батырларды еске алу қабырғасын дәріптеді. Ол, оған қоса, 20 тамызда, Әулие эгиналық Нектарий құрметіне Киев облысындағы Хутор Ясный () ауылының шіркеуін дәріптеді. 29 тамыздағы Украина қорғаушыларын еске алу күніне орай ол Украина үшін қайтыс болған әскерилерге құрмет көрсетіп, оларға дұға бағыштады.

Украина православие шіркеуінің басшысы нобай|солға|Епифаний, сол кездегі президент Пётр Порошенко мен Андрей Парубий, 2018 жылғы 15 желтоқсан

2018 жылғы 15 желтоқсанда Біріктіруші собор София соборында жиналып, Епифанийді Киев және бүкіл Украина митрополиті, автокефалиялы Украина православие шіркеуінің тұңғыш күтушісі қылды.

Православие шіркеуінің басшысы ретінде ресми титулы — «Оның Зейнеті Епифаний, Киев және бүкіл Украина митрополиті».

Мәскеу патриархының есімін айтқаны 2018 жылғы 16 желтоқсандағы жексенбі қызметі барысында митрополит Епифаний тұңғыш киелі литургиясында Украинада бейбітшілік пен бірлік болсын деп дұға оқыды. Дәл осы литургияда ол Үлкен Кіріске орай оқылатын бауырлас архиепископтар тізімінен Мәскеу патриархы Кириллды алып тастады. Митрополит Епифаний «Тікелей» («Прямий») телеарнасына берген сұхбатында кейін «Дәл қазір мен оны [патриарх Кириллды] құрметтеп отырмаймын өйткені біз соғыстамыз және сол себептен украин халқы жаңадан сайланған митрополиттің Ресей патриархын құрметтегенін қабылдай алмайтын еді» деді.

2019 жылғы 7 қаңтардағы литургия барысында, УПШ автокефалиялығының ресмиленгеніен кейін, митрополит Епифаний Мәскеу патриархының есімін тізімде айтты. Осылай қыл деп Епифанийге Бүкіләлемдік патриарх Варфоломей деген екен. Епифаний сөзінше, оған Филарет (Денисенко) олай жасамай-ақ қой деп айтқан.

Автокефалия томосының берілуі нобай|оңға|244x244px|Бүкіләлемдік патриарх Варфоломейдің (сол жақта) митрополит Епифанийге (оң жатқа) автокефалия томосын беріп тұрғаны

2019 жылғы 5 қаңтарда Бүкіләлемдік патриарх Варфоломей мен митрополит Епифаний Әулие Георгий соборында бірігіп, литургия жүргізді; кейін Украина православие шіркеуінің автокефалиялығын ресмилейтін томосқа қол қойды. Томос қолдың қойылған сәтінен күшке енді. Томос Украин православие шіркеуінің автокефалиялығын ресми түрде негіздеді.

Томос ресмиленуінен кейін Епифаний сөз сөйлеп, президент Пётр Порошенкоға былай деді: «Сіздің есіміңіз, Президент мырза, басшыларымыз кінәз Ұлы Владимир, дана Ярослав, Константин Острожский мен гетман Иван Мазепаның есімдерімен қатар украин халқының тарихында мәңгіге сақталады».

6 қаңтарда патриарх Варфоломей томосты халық алдында дауыстап оқыды да, митрополит Епифанийге беріп жіберді.

2019 жылғы 8 қаңтарда томосқа Константинополь православие шіркеуінің Киелі синоды қол қойсын деп ол Ыстанбұлға қайта жіберілді. 9 қаңтарда томосқа Бүкіләлемдік патриархат Киелі синодының әр мүшесі қол қойды. Томос Украинаға 10 қаңтарда таңертең қайтарылды.

Интронизациясы Епифанийдің интронизациясы оның 40-туған күнінде, 2019 жылғы 3 ақпанда болады деп жоспарланды. УПШ тұңғыш синоды да осы күні орын алмақ болды. Афон тауы монастырьлары интронизация рәсіміне делегация жіберуден бас тартты, бірақ «оның легитимдігі мен канондығын мойындамай қойғанынан» емес, «бұрыннан бері ресми дәстүрге айналған тәртіп, делегацияның тек Бүкіләлемдік патриарх интронизациясына ғана қатысып жүргені» себебінен. Интронизацияға Афон тауының екі күтушісі Бүкіләлемдік патриархаттың делегациясы ретінде қатыспақ болды. Киевке жетіп қойған архимандрит Ефрем, екі афондық күтушінің бірі, жүрек тоқтауынан ауруханаға жіберілді. 2 ақпанда Епифаний оған көңілін сұрап барды.

Жоспарланғандай, 3 ақпанда София соборында митрополит Епифанийдің интронизациясы орын алды. Филарет денсаулық себептерінен қатыса алмады, алайда митрополитке құттықтау хатын жіберді. Литургия соңында Епифаний оның хатын дауыстап оқып жіберді. 1 ақпанда ауруханаға жатқан архимандрит Ефрем интронизацияға қатыса алмады, алайда оның орнына монастырьінің иеромонахы қатысты. Кутлумуш монастырьі скитінің монахы да интронизацияда болды.

УПШ-ның тұңғыш Киелі синоды 5 ақпанда орын алды.

Филаретпен келіспеушілігі Шіркеуді басқару моделі, диаспора және УПШ атауы мен жарғысы жайлы келіспеушіліктері себебінен Епифаний мен Филарет арасында «қақтығыс» орын алды.

Филарет сөзінше, біріктіруші собор барысындағы келісімі осындай болды: «примас Украина православие шіркеуінің (УПШ) сыртқы өкілдігіне жауапты және патриарх оның Украинадағы ішкі істеріне жауапты, бірақ примаспен келісімде. Примас патриархтың рұқсатынсыз шіркеуде ешнәрсе жасамасын. Бірлік сақтау, өсу мен нығаю болсын деп патриарх Киелі синодтың отырыстарына төрағалық етсін». Филарет сөзінше бұл келісім кейін бұзылды.

Либерализация мен ЛГБТ жайлы ұстанымы Епифаний шіркеудегі либералдық реформаларды қолдайды, «осы консерватизмге жол бермейік» деп те, «шіркеу ашық болсын» деп те айтады.

Шіркеудің ЛГБТК құқықтары туралы ұстанымның келешектегі жұмсаруы жайлы сұраққа былай деді: «Ал, бұл — жолымыздың басында айтылуды қажет етпейтін қиын сұрақ. Өйткені сіз украин қоғамының осы мәселеге қалай қарайтынын білесіз ғой... Бұл — ұзақ жол және біз бәрі жайлы да жұмыс істейтін боламыз».

Орыс-украин соғысы нобай|оңға|Интронизациясындағы I Епифаний

2022 жылғы ақпандағы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін және осылайша Орыс-украин соғысының күшеюінен кейін АҚШ-тағы Украин православ шіркеуінің архиепископы Дэниел Епифанийдің соғыс кезінде Украинада қала беретінін хабарлады. Украин православие шіркеуінің примасы ретінде Епифаний ресейлік әріптесі Мәскеу патриархы Кириллден қайтқан орыс әскерилерінің мәйіттерін жинауға көмектессін деп сұрады, Ресей президенті Владимир Путинге адалдығына күмән келтірді.

Митрополит бірнеше рет Ресейдің әрекеттерін сынады, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады, Ресейдің соғыстағы қылмыстары үшін екінші Нюрнберг процесі өтсін деді. Басқа епископтардай, ол шіркеулердің бомбалардан пана болғанын рұқсат қылды. Ол, оған қоса, орыс әскерінің өліктері Ресейге оралсын деп патриарх Кириллге сұраныс жасады.

Академиялық және әлеуметтік әрекеттері Епифаний — 50-ден астам еңбектер, соның ішінде православие теологиясы жайлы бірнеше монография авторы.

Ол, оған қоса, — діни көшбасшы және әлеуметтік активист. Ол түрлі ғылым және білім беру іс-шараларына қатысып жүреді, Украинадағы дін іліміне, украин мемлекеттігінің дамуы мен күшеюіне үлкен үлесін қосқан. Осы еңбегі үшін ол шіркеуден де, мемлекеттен де түрлі орден иегері атанды.

2019 жылғы наурызда Епифаний М. П. Драгоманов атындағы ұлттық педагогика университетінің құрметті докторы болды.

Дереккөздер

Санат:Березовка ауданында туғандар Санат:Киев патриархатының Украин православие шіркеуі епископтары Санат:Киев тұлғалары Санат:Ровно тұлғалары Санат:Киев діни семинариясы түлектері Санат:Киев православие діни академиясы түлектері Санат:Афины университеті түлектері Санат:Православие теологтары Санат:Украина ұлттық журналистер одағы мүшелері Санат:Украина православие шіркеуі митрополиттері Санат:Выдубичи монастырьі тұлғалары Санат:Киев митрополиттері