Бижанов Әшірәлі Нұртайұлы — тау-кен инженері-геофизик, Қазақстан Республикасының теңіз геофизикалық қызметінің негізін қалаушылардың бірі. Мұнай іздеу-өнеркәсіптік геофизикасы және теңіз геофизикалық зерттеулері мәселелері бойынша 20-ға жуық геофизикалық жобаның, 30-дан астам ғылыми-техникалық жарияланымның авторы және теңавторы. Оңтүстік Маңғышлақтағы көптеген құрылымдар мен Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз құрылымдарының алғаш ашушыларының бірі. (Олардың ішіндегі ең ірілері — алып Қашаған кен орны және Қайран, Ақтоты, Теңіздік Қаламқас сияқты нысандар.)
Өмірбаяны 1945 жылы 1 қаңтарда Қожа-Тоғай кеңшарында (Шымкент облысы) туған.
1968 жылы Ташкент политехникалық институтын «пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша тәмамдап, Жаңаөзен қаласына жұмысқа жіберілді. Дәл осы кезеңде Өзен, Жетібай сияқты ірі кен орындары игеріліп, жаңа технологиялар енгізіліп жатқан еді. Жас мамандар сол өңірге еңбек етуге бағытталды.
Өзенде шамамен он бес жылға жуық жұмыс істеді. Еңбек жолын «Маңғышлақмұнайгеофизика» тресінің №1 промыслалық-геофизикалық кеңсесінде қарапайым техник ретінде бастап, қызметтік сатымен көтеріліп, геофизикалық жұмыстар басқармасының бастығы лауазымына дейін жетті.
Жұбайы Роза Ғалымовна да онымен бірге геофизикалық зерттеулермен айналысты. Олар институтта, бір факультетте оқып жүрген кезде танысқан.
1983 жылға дейін Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас кен орындарының ұңғымаларында, сондай-ақ Оңтүстік Маңғышлақтағы барлау ұңғымаларында геофизикалық зерттеулер жүргізу жұмыстарымен айналысты. Оның жетекшілігімен республикада бұл салаға көптеген жаңа әрі тиімді технологиялар алғаш рет енгізілді.
1983 жылы Әшірілі Бижанов КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің «Маңғышлақмұнайгеофизика» тресінің бас инженері болып тағайындалды. Бұл қызметте шамамен он жыл табысты еңбек етті.
1993 жылы «ҚазақстанКаспийШельф» мемлекеттік компаниясы мен Халықаралық консорциумда геология және геофизика жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды. 1996 жылға дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторында геофизикалық барлау жұмыстарын басқарды. «Каспий теңізінің қазақстандық секторын геофизикалық зерттеудің техникалық жобасы» атты еңбектің және консорциумның «1993—1996 жылдардағы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы геофизикалық зерттеулердің геологиялық нәтижелері» атты есебінің авторы. Консорциум жұмысы аяқталғаннан кейін «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ-ның Геофизикалық басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2004–2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да геофизика жөніндегі бас менеджер қызметін атқарды.
2008 жылдан бастап «БатысГеофизСервис» ЖШС-нің бас директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Марапаттар
«ҚР-ның жаңа ашушы» төсбелгісі (2018)
Сілтемелер
Өмірбаяны: Әшірәлі Бижанов Астанада Қазақстанның ең үздік геологтары марапатталды. Бәрі қалай басталды
Әдебиет
«Комсомольская правда Казахстан» / Газет басылымы, №153 саны, 18 тамыз 2004 ж. - 11 б. Санат:Қазақстан геологтары Санат:КСРО геологтары Санат:Ташкент мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Тірі тұлғалар Санат:1945 жылы туғандар Санат:1 қаңтарда туғандар