«Шайқас артынан шайқас» () — режиссер және сценарист Пол Томас Андерсонның 2025 жылы шыққан америкалық атыс-шабыс және қара комедия жанрындағы фильмі. Сюжеті Томас Пинчонның «Вайнленд» (1990) романына негізделген. Басты рөлдерде: Леонардо Ди Каприо, Шон Пенн, Бенисио дель Торо және Реджина Холл.

«Шайқас артынан шайқас» киносыншылардың жоғары бағасына ие болып, көптеген марапаттарды жеңіп алды. Фильм «Оскар» сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімінде 13 номинацияға ие болып, соның ішінде 6 мүсіншені жеңіп алды. Олардың қатарында «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Андерсон), «Үздік көмекші актер» (Пенн) және «Үздік кастинг» (Кассандра Кулукундис) номинациялары бар. Айта кетерлігі, фильм «Үздік кастинг» номинациясы бойынша бұл сыйлықты алған алғашқы туынды атанды.

Сонымен қатар, фильм 31-ші «Critics' Choice Awards» марапаттау рәсімінде «Үздік фильмді» қоса алғанда 3 жеңіске, 83-ші Алтын глобус марапатында «Үздік фильм — комедия немесе мюзиклды» қоса алғанда 4 жеңіске жетті. 32-ші «Actor Awards» сыйлығында рекордтық 7 номинациядан бір жеңіс иеленсе, 79-шы BAFTA марапаттауында «Үздік фильмді» қоса алғанда 6 жүлдені қанжығасына байлады. Америка кино институты бұл туындыны 2025 жылдың ең үздік 10 фильмінің тізіміне қосты, ал АҚШ-тың Ұлттық киносыншылар кеңесі оны «Үздік фильм» деп танып, тағы 5 сыйлықпен марапаттады.

Сюжеті Фильмнің басты кейіпкерлері — «Гетто Пэт» пен Перфидия — «Франс-75» атты радикалды солшыл топтың мүшелері. Олар иммигранттарды ұстау пункттеріне шабуыл жасап, диверсиямен айналысады. Осындай операциялардың бірінде Перфидия офицер Стивен Локджоны қорлап, оның өшпенділігін тудырады. Кейінірек Локджо оны қылмыс үстінде ұстағанымен, құпия кездесуге келіскеннен кейін босатып жібереді. Пэт пен Перфидияның Шарлин есімді қызы дүниеге келеді. Пэт тыныш өмірді армандаса да, Перфидия қылмыстық әрекетін тоқтатпайды. Банк тонау кезінде кісі өлтірген ол түрмеден қашу үшін өз серіктерін сатып кетеді. Соның салдарынан топ мүшелерінің көбі қаза тауып, Пэт пен Шарлин Боб және Уилла Фергюсон деген жалған есімдермен Бактэн-Кросс қаласында жасырынуға мәжбүр болады.

Арада 15 жыл өткенде, Уилла анасының өліміне Локджоны кінәлап, каратэмен айналысып өседі. Ал әкесі Боб ішімдік пен есірткіге салынғанымен, қызына деген қамқорлығын жоғалтпайды. Осы кезде Локджо ақ нәсілділердің үстемдігін көздейтін құпия «Рождестволық авантюристер» қоғамына мүше болады. Ол өзінің Перфидиямен өткен байланысын жасыру үшін Уилланы тұтқындауға бұйрық береді. Боб қашып үлгеріп, каратэ сенсейі Серхионың көмегімен қызын құтқаруға тырысады.

Уилла монастырьді паналап, сол жерде анасының опасыздығы туралы шындықты біледі. Монастырьді басып алған Локджо ДНҚ-тесті арқылы Уилланың өз қызы екенін анықтайды. Ол көмекшісі Авантиге қыздан құтылуды тапсырады, бірақ Аванти соңғы сәтте райынан қайтып, қызды құтқару жолында қаза табады. Сонымен қатар, Локджоның аралас нәсілді қызы барын біліп қойған «Авантюристер» клубы екеуінің де көзін жоюға адамды жібереді. Уилла киллерді өлтіріп, әкесі Бобпен қауышады.

Финалда ауыр жараланған Локджо клуб мүшелерінің қолынан қаза тауып, денесі өртеледі. Боб қызына анасының кешірім сұраған хатын табыстайды. Соңғы көріністе Уилла наразылық акциясына қатысу үшін Оклендке аттанып, әкесімен қоштасады.

Рөлдерде

Марапаттары мен номинациялары Марапат Уақыты Санат Номинант Нәтиже Дереккөз Оскар 2026 жыл, 15 наурыз Үздік фильм Адам Сомнер, Сара Мерфи және Пол Томас Андерсон Үздік режиссер Пол Томас Андерсон Үздік актер Леонардо Ди Каприо Үздік көмекші актер Бенисио дель Торо Шон Пенн Үздік көмекші актриса Теяна Тейлор Үздік бейімделген сценарий Пол Томас Андерсон Үздік кастинг Кассандра Кулукундис Үздік операторлық жұмыс Майкл Бауман Үздік монтаж Энди Юргенсен Үздік фильм музыкасы Джонни Гринвуд Үздік қоюшы суретші жұмысы Энтони Карлино және Флоренция Мартин Үздік дыбыс Хосе Антонио Гарсия, Кристофер Скарабосио және Тони Виллафлор BAFTA 2026 жыл, 22 ақпан Үздік фильм Адам Сомнер, Сара Мерфи және Пол Томас Андерсон Үздік режиссер Пол Томас Андерсон Үздік актер Леонардо Ди Каприо Үздік актриса Чейз Инфинити Үздік көмекші актер Бенисио дель Торо Шон Пенн Үздік көмекші актриса Теяна Тейлор Үздік бейімделген сценарий Пол Томас Андерсон Үздік кастинг Кассандра Кулукундис Үздік операторлық жұмыс Майкл Бауман Үздік монтаж Энди Юргенсен Үздік түпнұсқа музыка Джонни Гринвуд Үздік қойылымшы суретші Энтони Карлино және Флоренция Мартин Үздік дыбыс Хосе Антонио Гарсия, Кристофер Скарабосио және Тони Виллафлор Сезар 2026 жыл, 26 ақпан Үздік шетелдік фильм Пол Томас Андерсон Алтын глобус 2026 жыл, 11 қаңтар Үздік фильм — комедия немесе мюзикл One Battle After Another Үздік режиссер Пол Томас Андерсон Үздік актер — комедия немесе мюзикл Леонардо Ди Каприо Үздік актриса — комедия немесе мюзикл Чейз Инфинити Үздік көмекші актер Бенисио дель Торо Шон Пенн Үздік көмекші актриса Теяна Тейлор Үздік сценарий Пол Томас Андерсон Үздік фильм музыкасы Джонни Гринвуд

Дереккөздер

Санат:2025 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Пол Томас Андерсон фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:АҚШ криминалдық триллер фильмдері Санат:Революционерлер туралы фильмдер Санат:Терроризм туралы фильмдер Санат:АҚШ романдарының экрандаулары Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)