Асқар Біләлұлы Өтешев (30.1.1934 жылы туған, Ресей, Астрахан облысы Володарский ауданы Трех-Избинка с.) – медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1982). 1957 Алматы мемлекеттік медицина институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық медициналы университеті) бітірген. 1960 Аспирантурасын бітірген. 1958–1965 Осы институтта ассистент, аға ғылым қызметкер 1965–1970 Қазақстан Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтында аға ғылым қызметкер 1970–1980 Қазақ онкология және радиология ғылым-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі 1980–1983 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, 1983–1986 Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ректор болған. 1987 Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды."Қазақ Энциклопедиясы"Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3. Ғылыми еңбектер Негізгі ғылыми еңбектері адам және жануарлар биохимиясына арналған. Дереккөздер
Санат:Ғылым