Трансфузиология ( «құйып алу» және «ілім») — организмдердің биологиялық және оларға балама болатын сұйықтықтарды, әсіресе қан мен оның компоненттерін, трансфузиясын (бір жерден алып, басқа жерге құю әдістерін) зерттейтін медицина саласы. Ол ондай сұйықтықтардың, әсіресе қан топтарының, өзара үйлесімділігін, трансфузиядан кейінгі реакциялардың барысын және керек жағдайда олардың емделуін де зерттейді.

Тарихы 1628 жыл — Англия дәрігері Уильям Гарвей адамдағы қан айналымы туралы жаңалық ашады. Осы арада алғашқы қан құю талпынысы орын алды. 1665 жыл — ресми тіркелген қан құюлар: ағылшын дәрігері Ричард Лоуэр () науқас иттерге басқа иттерден қан құю арқылы оларды сауықтырады. 1667 жыл — Францияда Жан-Батист Дени () және Англияда Ричард Лоуэр қойлардың қанын адамға құюын сәтті орындап шығады. 1795 жыл — АҚШ дәрігері Филипп Синг Физик () адамнан адамға деген алғашқы қан құю операциясын орындайды. 1818 жыл — британ акушері Джеймс Бланделл () бала туғаннан кейін қаны кеткен әйелге алғашқы сәтті өткен қан құюды орындайды. Ол қан алуға және құюға арналған аспаптарды ойлап шығарған. 1840 жыл — Лондонда гемофилияні емдеу үшін Самуэль Армстронг Лэйн () Бланделл қолнұсқауымен алғашқы сәтті операция жасайды. 1867 жыл — ағылшын хирургы Джозеф Листер қан құю кезінде алғаш рет антисептиктерді қолданады. 1900 жыл — Аустрия дәрігері Карл Ландштейнер () A, В және С (кейін О болған) қан топтарын ашады. Осы жаңалық үшін 1930 жылы оған Нобель сыйлығы беріледі. 1902 жыл — Ландштейнердің әріптестері Альфред де Кастелло () және Адриано Стурли () AB деген төртінші қан тобын ашады. 1907 жыл — Нью-Йоркте Рубен Оттенберг () бірінші қан тобының универсалды жарамдылығын және қан топтарының тұқым қуалап берілетіндігін ашып айтады. 1908 жыл — француз хирургы Алексис Каррель () қан ұйуын алдын алу үшін анастомоз әдісін ашады. 1912 жылы бұл үшін оған Нобель сыйлығы берілді. 1914 жыл — донорлық қанды сақтауға мүмкіндік беретін антикоагулянттар ашылды.

Сілтемелер Professional Organization: International Society of Blood Transfusion Professional Organization: AABB Трансфузиология (журнал)

Санат:Медицина Санат:Клиникалық патология