Адам Рамзанұлы Қадыров (24 қараша 2007, Шешенстан, Грозный) — Шешен Республикасы басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы. 2025 жылғы 21 сәуірден бастап Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады.Адам Қадыров

2023 жылы 15 жасында Грозный қаласындағы тергеу изоляторында Никита Журавельді соққыға жығуға байланысты қоғамдық резонанс тудырған оқиғаның қатысушысы ретінде кеңінен танылды. Осыдан кейін оған Шешен Республикасының Батыры атағы беріліп, 2023 жылғы 5 қарашадан бастап Шешен Республикасы басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып тағайындалды.Қадыров А.Р.

Өмірбаяны Адам Қадыров 2007 жылғы 24 қарашада Рамзан Ахматұлы мен Медни Мусаевна Қадыровтардың отбасында дүниеге келіп, үшінші ұл, жетінші бала болды. Ол туған кезде әкесі Шешен Республикасының басшысы қызметін атқарып отырған.«Проект» басылымының журналист-зерттеушілері Адамның шын анасы Рамзан Қадыровтың көңілдесі Замира Джабраилова деп есептейді, оның Адам дүниеге келген сәттегі жасы 15-те болғаны айтылады.АДАМ ҚАДЫРОВ МЕДИНАНЫҢ ҰЛЫ ЕМЕС ПЕ? Сондай-ақ 2013 жылы алты жасар Адам Ресейдегі ең жас хафиз (Құранды толық жатқа білетін адам) атанғаны көрсетіледі.

2019 жылы 11 жасында Адам Қадыров түріктің «Қайта тірілген Ертұғрыл» телехикаясында эпизодтық рөлде ойнады.

2026 жылдың 16 қаңтар күні Адам жол-көлік оқиғасында жарақат алып, ауруханаға реанимацияға түсті.Адам Қадыров апатқа ұшырадыШешенстан басшысының ұлы апатқа ұшырадыАдам Қадыров — 16 қаңтар

Спортпен айналысуы Ерте жастан бастап аралас жекпе-жек пен бокспен шұғылданған. MMA бойынша халықаралық турнирде ерте дебют жасап, оның қатысуымен өткен жекпе-жектер шешен телеарналарында көрсетілген. 2016 жылғы 4 қазанда сегіз жасар Адам Грозный қаласында өткен «Ахмат Гран-при» турнирінде көрсетілімдік жекпе-жекке қатысты. Оған Солтүстік Осетиядан келген Давид Халатовпен әуесқой ережелер бойынша кездесу ұйымдастырылып, жеңіс Адамға берілді. Салмақ өлшеу кезінде қарсыласымен жанжал туындап, ересектер араша түсті. Бұл турнирде Рамзан Қадыровтың үлкен ұлдары — Эли мен Ахмад та жеңімпаз атанды. Алайда ММА ережелері 8–10 жастағы балалар арасында жекпе-жек өткізуге тыйым салады. Турнир спорт қауымдастығы тарапынан сынға ұшырап, оның ішінде Ресей ММА одағының басшысы Фёдор Емельяненко да пікір білдірді. РФ Спорт министрлігі тексеру жүргізіп, балалардың қатысуы спорт ережелерін бұзатынын растады. 2017 жылы Адам «Ахмат» клубында өткен турнирде жеңілдетілген ММА ережелері бойынша үш жекпе-жекте жеңіске жетті. 2018 жылы кикбоксингтен Кабардин-Балқария өкілі Алан Бейчекуевті жеңді, ал жеңілген спортшыға Ахмат-Хаджи Қадыров қоры 100 000 рубль сыйақы берді. 2020 жылғы ақпанда Адам «Аңыздар уақыты» атты әуесқой бокс турниріне қатысып, угандалық Мукиса Укашамен жұдырықтасты. Екінші раундта қарсыласы әлсіз соққыдан кейін тізерлеп, нокаут тіркелді. Адамға «Ахмат» клубының «Шеф Чемпион» белдігі табысталды. 2021 жылғы 8 сәуірде 13 жастағы Адам Аслан Биттировпен бокстан жекпе-жек өткізді. Алғашқы раундтарда қарсыласы басымдық танытқанымен, төреші даулы шешім қабылдап, жеңіс Адамға техникалық нокаутпен берілді. Бұл жағдай интернетте үлкен дау тудырды.

Никита Журавельмен болған оқиға 2023 жылы интернетте 15 жастағы Адам Қадыровтың Грозныйдағы тергеу изоляторында Құранды өртеуге айыпталған Никита Журавельді соққыға жыққан видеосы тарады. Видеоны Рамзан Қадыровтың өзі жариялап, ұлының әрекетін қолдады. Бұл қоғамда үлкен резонанс туғызды. Осы оқиғадан кейін Адам Қадыров көптеген аймақтық және қоғамдық марапаттарға ие болды.

Саяси қызметі 2023 жылы 15 жасында Шешен Республикасы басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2023 жылғы қарашада Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы атанды. 2024 жылғы 29 сәуірде Гудерместегі В. В. Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетінің кураторы болды. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап Шешен Республикасы ІІМ-нің кураторы. Отбасы және жеке өмірі 2025 жылғы маусымда үйленді. Ахмед Дудаевтың айтуынша, үйлену қарсаңында Адам Қадыровты Мәскеуде РФ президенті В. В. Путин қабылдап, жеке өзі құттықтаған.

Марапаттары Шешен Республикасының марапаттары 2023 ж. 6 қазан — Шешен Республикасының Батыры 2023 ж. 9 қараша — «Даймехкан Сий» ордені 2024 ж. 25 тамыз — Қадыров ордені 2025 ж. 25 тамыз — «Шешен Республикасының Қорғаушысы» медалі

Ресей аймақтарының марапаттары Татарстан Республикасының «Дуслык» ордені Қарашай-Шеркес Республикасының ең жоғары ордені Кабардин-Балқар Республикасының ең жоғары ордені

Ведомстволық және қоғамдық марапаттар Росгвардияның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі «Үммет алдындағы еңбегі үшін» ордені «Ислам дініне қызмет еткені үшін» ордені «Ресейдің еңбек даңқы» ордені Ресей арнайы мақсаттағы университетінің «Дамуына қосқан үлесі үшін» медалі «Атом электр станцияларының қауіпсіздігін жақсартудағы еңбегі үшін» медалі.

Дереккөздер

Санат:Шешенстан саясаткерлері