Томан Көлдейұлы (т. ж. б. – ө. ж. б.) – батыр, қыпшақ руынан шыққан. Қоқан бектерінің озбырлығына қарсы күрескен. 1853 – 1854 ж. қоқандықтар Жөлек бекінісін орыстардан қайтарып алу үшін ұрыс жүргізгенде Томан орыстар жағында соғысқан. Томан елдегі барымташылардың іс-әрекетіне тосқауыл қойып, сыртқы жаудың шабуылын қайтаруда ерлігімен көзге түскен. Сыр өңірінде Томан атымен аталатын жер-су атаулары бар. Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар