Шаруашылық – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан.

Сипаты 1949 жылы Л.И. Ремпель жетекшілік еткен экспедиция ашып, алғаш зерттеу жұмысын жүргізген. Қаланың орны солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 м-ге, батыстан шығысқа қарай 300 м-ге созылып жатқан, биіктігі 3 м төбешік тәрізді. 2000 жылы К. Байпақов жетекшілік еткен экспедиция қазба жұмыстарын жүргізгенде қыш ыдыстар қалдықтары көптеп табылды. Зерттеу барысында қала VII-XIII ғасырларда сауда орталығы болғаны анықталды.Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х

Дереккөздер

Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары