Ақмола апаты — 1959 жылғы 14 маусым1959 жылғы 15 маусымда жазылған КСРО-ның Генералды Прокурордың хаты (2 тамыз) күні болған, Ақмола қаласындағы ірі апат.ТРАГЕДИЯ АКМОЛИНСКА
Көпір
Оқиғалар хронологиясы 1959 жылғы 13 маусым күні – Ақмола қаласына бүкіл облыстың жастары мерекелік іс-шараларға келді. Облыстық жастар фестиваль өткен еді. Фестивальдің екінші күніне – 14 маусым күні, жергілікті сағатпен 13:46-да Есіл өзені арқылы өтетін көпір жүктемені көтере алмады да, құлады. Сол күні өз жұбайымен бірге болған жалғыз милиционер – Нұрмұхамбет Қожахметов суға батып бара жатқан адамдарды құтқара бастады.Көк шинель (1967) Мұның бәрі мерекелік шаралар кезінде болғаннан, адамдар алдарындағы көпірдің қалай құлағанын бірден байқамады.Ақмола трагедиясының құпиясы ашылды Ақмоланың сол жағалауына бару іс жүзінде мүмкін емес болғандықтан, жедел жәрдем көліктері мен төтенше жағдайлар қызметі тек оң жағалаудан келді.Ақмола трагедиясы (1959)
Құпияландыру Кеңес үкіметі мұндай апаттың үлкен мерекелер аясында болуы баспасөз үшін орынсыз болады деп шешті. Олар бұл апат туралы барлық ақпаратты құпияландырды.
Қайтыс болғандар Куәгерлердің көмегімен жасалған есептеулерге сәйкес, қаза тапқандар саны шамамен 143 адамды құраған.
1959 жылғы 15 маусым күнгі генеральды прокурордың хаты бойынша, қаза тапқан саны – 6 адам.
Салдары
1959 жылы Ақмола жол учаскесінің бастығы Мельчиков және жол стансиясының бастығы Бақаев қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
1960 жылы Қазақ КСР басшысы Николай Беляев жұмыстан шығарылды; 1961 жылы Нұрмұхамбет Қожахметов «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды; 1963 жылы ескі көпірдің орнына жаңа бетонды көпір салынды.
Мәдениетте 1988 жылы шыққан «Көк шинель» атты кітаптың “Қожахметов көшесі” бөлімінде; 2023 жылы «Апатты тергеулер» телесериалында “Ақмола көпірі” хиякаясында бейнеленген. 2026 жылы «1959 жылғы 14 маусымдағы Серуен көпіріндегі Нұрмұхамбет Қожахметов пен қайғылы оқиға құрбандарына арналған мемориалдық тақтаны қалпына келтіру» атты петиция шықты.1959 жылғы 14 маусымдағы Серуен көпіріндегі Нұрмұхамбет Қожахметов пен қайғылы оқиға құрбандарына арналған мемориалдық тақтаны қалпына келтіру туралы петиция
Тағы қараңыз Теміртау жұмысшыларының көтерілісі
Дереккөздер
Санат:Апаттар Санат:Астанадағы оқиғалар