Киран Тирни (; 5 маусым 1997, Дуглас (Мэн аралы), Шотландия) — шотландиялық футболшы, «Селтик» клубы мен Шотландия ұлттық құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы Клубтық Тирни «Селтиктің» түлегі, 2015 жылдың сәуірінде негізгі құрамда тұңғыш рет алаңға шықты. Клуб сапында 170 ойын өткізгеннен кейін, ол 2019 жылдың тамызында "Арсеналға" ауысты, трансфер құны 25 миллион фунт стерлинг. «Арсеналда» алты жыл ойнағаннан кейін 2025 жылдың маусымында «Селтикке» оралды. Халықаралық Тирни 2016 жылдың наурызында Шотландия құрамасында тұңғыш рет алаңға шықты және содан бері негізгі құрамда 50-ден астам ойын өткізді.

Жетістіктері «Селтик»

Шотландия чемпионы (4): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Шотландия Кубогы (3): 2016/17, 2017/18, 2018/19 Лига Кубогы (2): 2017/18, 2018/19

«Арсенал» (Лондон)

Англия Кубогы: 2019/20 Англия Суперкубогы (2): 2020, 2023 Дереккөздер

Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары