Филдс медалі () немесе Филдс сыйлығы (ресми атауы — Математикадағы үздік жетістіктер үшін халықаралық медаль ) — төрт жылда бір рет Халықаралық математикалық конгрессте 40 жасқа толмаған екі, үш немесе төрт математикке берілетін халықаралық марапат. Сыйлық канадалық математик Джон Чарлз Филдстің (1864–1932) құрметіне аталған.

1936 жылдан бастап беріле бастаған бұл марапат математика саласындағы ең жоғары мәртебе болып саналады және оны жиі «математиктердің Нобель сыйлығы» деп атайды. Алайда, Нобель сыйлығынан айырмашылығы — Филдс медалі жыл сайын емес, төрт жылда бір беріледі және лауреаттардың жасына қатаң шектеу қойылған (марапатталатын жылдың 1 қаңтарында 40 жастан аспауы тиіс). Бұл талап жас зерттеушілердің бұрынғы жетістіктерін мойындап қана қоймай, олардың болашақтағы жаңа табыстарына демеу болу мақсатында енгізілген.

Медаль таза алтыннан дайындалады. Оның бет жағында ежелгі грек ғалымы Архимедтің бейнесі және латын тіліндегі «Transire suum pectus mundoque potiri» (Өз шегіңнен асып, әлемді бағындыру) деген жазу бар. Марапат иелерін Халықаралық математикалық одақтың (IMU) атқарушы комитеті тағайындаған арнайы комитет таңдайды.

Сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшері басқа халықаралық марапаттармен салыстырғанда айтарлықтай қомақты емес — оның көлемі 2006 жылдан бастап 15 000 канада долларын құрайды. Бұл марапаттың негізін қалауда Джон Чарльз Филдстің рөлі зор болды: ол медальдің дизайнын өзі жасап, сыйлықтың қаржылық қорын қалыптастырды. Дегенмен, Филдс сыйлық ресми түрде бекітілгенге дейін қайтыс болып, оның жоспарларын жүзеге асыру ісін әріптесі Джон Лайтон Синг қадағалады.

Лауреаттар тізімі Жыл Лауреат Мемлекет 1936 Ларс Альфорс Джесси Дуглас 1950 Лоран Шварц Атле Сельберг 1954 Кунихико Кодайра Жан-Пьер Серр 1958 Клаус Рот Рене Том 1962 Ларс Хермандер Джон Милнор 1966 Майкл Атья Пол Джозеф Коэн Александр Гротендик Стивен Смейл 1970 Алан Бейкер Хейсуке Хиронака Сергей Новиков Джон Гріггс Томпсон 1974 Энрико Бомбиери Дэвид Мамфорд 1978 Пьер Делинь Чарльз Фефферман Григорий Маргулис Даниэль Квиллен 1982 Ален Конн Уильям Терстон Шинтан Яу 1986 Саймон Дональдсон Герд Фальтингс Майкл Фридман 1990 Владимир Дринфельд Воэн Джонс Сигэфуми Мори Эдвард Виттен 1994 Пьер-Луи Лион Жан-Кристоф Йоккоз Жан Бургейн Ефим Зельманов 1998 Ричард Борчердс Тимоти Гауэрс Максим Концевич Кертис Макмуллен 2002 Владимир Воеводский Лоран Лаффорг 2006 Андрей Окуньков Григорий Перельман Теренс Тао Венделин Вернер 2010 Элон Линденштраусс Нго Бао Чау Станислав Смирнов Седрик Виллани 2014 Артур Авила Манджул Бхаргава Мартин Хайрер Мариам Мирзахани 2018 Кошер Биркар Алессио Фигалли Петер Шольце Акшай Венкатеш 2022 Уго Дюминиль-Копен Джун Ха Джеймс Мейнард Марина Вязовская 2026 Дэн Юй Джон Пардон Джейкоб Цимерман Ван Хун

Тағы қараңыз Абель сыйлығы

Дереккөздер

Санат:Математикалық марапаттар