Натаниэль Майер Виктор Ротшильд, 3-барон Ротшильд (; 31 қазан 1910 – 20 наурыз 1990) — Ротшильд әулетінің өкілі, биолог, крикет ойыншысы, Ұлыбританияның қарсыбарлау қызметі MI5-тің қызметкері (1935–1938), кейін MI5 директорының орынбасары (1938–1950). 1971–1974 жылдары Ұлыбританияның орталық саясатын бақылау жөніндегі комитетінің (Central Policy Review Staff) басшысы болды.
thumb|Лорд Виктор Ротшильд (ортадағы) 1979–1990 жылдары Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчердің алғашқы кеңесшісі қызметін атқарды. 1953 жылдан бастап Лондонның Патшалық қоғамының мүшесі болды.
Өмірбаяны Виктор Чарльз Ротшильд пен Розика Эдл Ротшильдтің (қыз кезіндегі тегі — фон Вертхеймштейн) үшінші баласы әрі жалғыз ұлы болды. Оның үш әпкесі бар еді: Мириам, Элизабет және Ника. Виктор Харроу мектебінде және Кембридждегі Тринити колледжінде білім алды, онда физиологияны, сондай-ақ француз және ағылшын тілдерін оқыды. Ол Кембридж бен Нортгемптоншир клубтарының құрамында крикет ойнады. Кембриджде жүрген кезінде еркін, даңғой өмір салтымен танылды: Bugatti көлігін айдап жүрді, өнер туындылары мен сирек кітаптарды жинаумен әуестенді.
Тринити колледжінде оқып жүрген кезінде Ротшильд Кембридж апостолдары деп аталатын жабық зияткерлік қоғамға қосылды. Сол жерде ол кейін Кеңес Одағының тыңшылары ретінде әшкереленген Гай Бёрджесс пен Энтони Блантпен жақын достық қарым қатынас орнатты, олармен бірге Лондонда бір пәтерде тұрған. Ротшильд Ким Филбимен де таныс болған, бұл жайт кейінірек оның Кембридж бестігі деп аталатын топтың «бесінші адамы» болуы мүмкін деген күдікке себеп болды.
1937 жылы, 26 жасында, Виктор қайтыс болған ағасы Уолтер Ротшильд, 2-барон Ротшильдтен, барондық титулды мұра етіп алды. Бұл кезде оның әкесі де өмірден өткен еді. Кейін ол Лейбористік партия атынан пэр ретінде Лордтар палатасының жұмысына қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ротшильд жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, дезинформация және барлау жұмыстарын орындау үшін MI5 қызметіне тартылды. Атқарған еңбегі үшін ол Георг медалімен марапатталды.The London Gazette, 4 апреля 1944, #36452, стр. 1548 Ол B1C бөлімшесінің басшысы болды және Ұлыбритания қарулы күштерінің диверсияға осал нысандарын анықтаумен, сондай-ақ немістердің диверсия жасау әрекеттеріне қарсы іс-қимыл жүргізумен айналысты. Бұл қызметтің аясында ол неміс минатұзақтары мен жасырын орнатылған жарылғыш құрылғыларды жеке өзі бөлшектеп, залалсыздандырған.
Бёрджесс пен Блантпен байланысына байланысты барон 1964 жылы Блант әшкереленгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі арнайы бөлімде тергелді. Алайда оны тыңшылыққа қатысы жоқ деп таныған сияқты, содан кейін ол Ұлыбритания үкіметі үшін әртүрлі жобалармен жұмысын жалғастырды. Соған қарамастан, қауесеттер тарауын тоқтатпады. Осыған байланысты 1986 жылғы желтоқсанда Ротшильд британ газеттерінде ашық хат жариялап, өзін кеңестік агент емес екенін және ешқашан ондай болмағанын мәлімдеді.
Соғыстан кейінгі жылдары 1950–1970 жылдары Ротшильд Кембридж университетінің зоология бөлімінде жұмыс істеді. 1948–1958 жылдары Ауыл шаруашылығы әзірлемелері кеңесінің төрағасы қызметін атқарды, ал 1963–1970 жылдары Royal Dutch Shell компаниясының зерттеулер бөлімін басқарды. Ол қауіпсіздік мәселелері бойынша Маргарет Тэтчердің кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырды. Сонымен қатар 1971–1974 жылдары Ұлыбританияның Орталық саясатты шолу жөніндегі комитетін (Central Policy Review Staff) басқарды.
Премьер-министр Эдвард Хиттің қызметі кезінде барон премьер-министрдің ауылдық резиденциясы — Чекерске жиі барып тұрды. Ол барлау және ғылым салалары бойынша консервативтік те, лейбористік те үкіметтер үшін құнды кеңесші болды.
Өмірінің соңғы кезеңінде Ротшильд отбасылық банк бизнесіне төраға ретінде қайта оралып, өзінен кейінгі екі жас туысы басқаратын фракциялар арасындағы алауыздықты тоқтатуға тырысты, алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.
Отбасы 1933 жылы Виктор Барбара Джудит Хатчинсонға (1911–1989) үйленді. Бұл некеден үш бала дүниеге келді: Сара Ротшильд (1934 жылғы 13 қыркүйек — 2018) — екі рет тұрмыс құрған, екі некеден екі баласы болған. Натаниэль Чарльз Джейкоб Ротшильд (1936 жылғы 29 сәуір — 2024 жылғы 26 ақпан) — Ротшильд әулетінің 4-бароны. Миранда Ротшильд (1940 жылғы 25 желтоқсанда туған). 1946 жылы ол Тереза Джорджина Майерге (1915–1996) үйленді. Бұл некеден төрт бала туған: Эмма Джорджина Ротшильд (1948 жылғы 16 мамырда туған) — 1991 жылдан бастап Амартия Кумар Сенмен некеде, балалары жоқ. Бенджамин Майер Ротшильд (1952 жылғы 16 мамырда туған және сол жылы қайтыс болған). Виктория Кэтрин Ротшильд (1953 жылғы 13 тамызда туған) — 1997 жылы ағылшын драматургі Саймон Грейге тұрмысқа шыққан, бұл некеден бала болмаған. Амшель Майер Джеймс Ротшильд (1955 жылғы 18 сәуір — 1996 жылғы 8 шілде) — өзіне қол жұмсаған. Еврей тектес болғанына қарамастан, Виктор Ротшильд өзін атеист деп санаған.
Титулдары мен марапаттары Ротшильд әулетінің 3-бароны, 1937 жылғы 27 тамыз. Ротшильд әулетінің 4-баронеті, 1937 жылғы 27 тамыз. Британ империясы орденінің Үлкен крест дәрежесінің кавалері, 1975 жыл. Әулие Иоанн орденінің рыцары. Мальта орденінің рыцары. Георг медалі, 1944 жыл. «Құрмет легионы» ордені (АҚШ), 1946 жыл. Қола жұлдыз медалі (АҚШ), 1948 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ротшильд әулеті Санат:Ротшильд барондары (1885) Санат:Ұлыбритания крикетистері