Viva La Vida de Death and All His Friends (аударғанда ағылш. және исп. — «Жасасын өмір немесе Өлім және оның барлық достары») немесе жай Viva la Vida — британдық Coldplay рок тобының төртінші студиялық альбомы. Ол 2008 жылы 12 маусымда Ұлыбританияда Parlophone, ал 17 маусымда АҚШ-та Capitol Records лейблдері арқылы жарық көрді. Альбомның музыкалық құрылымында арт-рок пен эксперименталды рок жанрларына басымдық берілсе, ән мәтіндерінің негізгі тақырыптары — махаббат, тіршілік, өлім, соғыс.

Күйтабақ коммерциялық тұрғыдан үлкен жетістікке жетіп, сыншылардың оң бағасын алды. Альбомнан бес сингл жарық көрді: 2008 жылдың мамырында «Violet Hill» бен «Viva la Vida»; қарашада «Lovers in Japan» және «Lost!»; ал 2009 жылдың қыркүйегінде «Strawberry Swing» шықты. Альбомның басты әні зор танымалдылыққа ие болып, Coldplay-дің Ұлыбритания, АҚШ және әлемнің басқа да көптеген елдерінің хит-парадтарында бір мезгілде көш бастаған алғашқы синглына айналды.

Viva la Vida 2008 жылдың ең көп сатылған альбомы болып танылды және 51-ші «Грэмми» салтанатында «Үздік рок-альбом» жүлдесін иеленді. 2011 жылғы мәлімет бойынша, күйтабақтың 10 миллионнан астам данасы сатылған.

Альбом туралы

Алғышарттары 240px|нобай|Лондондағы BBC Television Center-да өнер көрсету, 2008 жылдың маусымы 2006 жылдың қазан айында, бас гитарист Гай Берриман әке атанғаннан екі апта өткен соң, топтың шығармашылық үзіліске кеткені туралы ақпарат тарады. Негізінде, ол кезде Coldplay-дің нақты жоспары болмаған еді; олар үшінші студиялық альбомы X&Y жарық көргеннен кейін қай бағытта жұмыс істеу керектігін бағамдай алмады. Осыған байланысты топ британдық эмбиент-музыканты Брайан Иноны продюсер ретінде шақырды. Ино топқа тәжірибе жасап, арт-рок стиліндегі оркестрлік әуенге толы, сондай-ақ әр әні ерекше дыбыстармен өрнектелген альбом жазуды ұсынды. Бұл идея топ мүшелеріне ұнап, олар жаңа альбомның жазба жұмыстарына кірісті.

Жазуы Альбомды жазу жұмыстары 2006 жылдың қарашасында басталды. Музыканттар жаңа дыбыс іздеу мақсатында үйреншікті ортадан шығуға бел буды. Олар «The Bakery» деп аталатын өз студияларын тұрғызды. Бұл орын топ мүшелеріне «Twisted Logic» туры кезінде қатты ұнаған болатын.

«The Bakery» студиясында топ мүшелері дыбыспен біртіндеп тәжірибе жасай бастады. Әндердің көбінде Крис Мартин өзіне тән жоғары фальцеттен төменгі регистрге ауысты. «Violet Hill» композициясында гитарист Джонни Бакленд драйвқа толы пауэр-аккордтар мен гитара солосы арқылы қатты рок дыбысын шығаруға тырысты. Уилл Чемпионның перкуссиялық партиялары да түрленді: соқпалы аспаптарға литавралар мен шіркеу қоңыраулары қосылды. Олар альбомның «Viva la Vida» атты негізгі әнінде қолданылды. Ал басс-гитарист Гай Берримен өзін мультиаспапшы ретінде көрсетті: альбомдағы көптеген туындыларда ол гитара, пернетақта немесе өзге де қосымша аспаптарда ойнады.

Мазмұны Viva la Vida — альтернативті рок, арт-рок, поп-рок, инди-поп, барокко-поп және арт-поп жанрларын, сондай-ақ дрим-поп элементтерін біріктірген рок-альбом.

Мұқабасы Альбом мұқабасында француз суретшісі Эжен Делакруаның «Бостандық халықты бастайды» (немесе «Баррикададағы бостандық») картинасы бейнеленген.

Сыншылардың пікірлері «Афиша Daily» басылымы бұл туындыны Coldplay тобының шығармашылығындағы бетбұрыс кезеңі деп атап, олардың «стадиондық деңгей мен ішкі тебіреніс, мегаломандық секірістер мен қарапайым әуендер арасындағы алтын тепе-теңдікті таба алғанын» жазды.

Композициялар тізімі Барлық әндерді Гай Берриман, Джонни Бакленд, Крис Мартин және Уилл Чемпин жазған.

Чарттардағы орындар Ел  Жоғары орын     1 Argentine Chamber of Phonograms and Videograms Producers   1   (Валлония) 1   (Фландрия) 1   3 Hits of the World - Brazil   1   4   1 Album - Coldplay, Viva la vida Or Death And All His Friends   1 Coldplay's 'Viva' Continues Euro Chart Hot Streak   1   1   1   1   1   1   2 Mexican Charts - Coldplay - Viva la Vida or Death And All His Friends (album)   1   1   1   2   1   1   1   1   2   1   1   3

Жазбаға қатысты Энди Раг — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі  — араластыру Боб Людвиг — мастеринг Брайан Ино — бас продюсер, «дыбыстық пейзаждар» жасау Брайан Торн — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Крис Мартин — орындаушы, вокал Coldplay — мұқабаның безендіруы Дэн Грин — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі, фотограф Дэйв Холмс — басқару  — орындаушы, ішекті аспаптар Доминик Монкс — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Эжен Делакруа — мұқабадағы сурет Француа Шевалиер — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Гай Бэрримэн — орындаушы, бас-гитара, синтезатор, акустикалық гитара, ерін сырнай, бэк-вокал, фотограф Йэн Петров — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Джейсон Лэйдер — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Джон О’Махони — араластыру Джонни Баклэнд — орындаушы, электр гитара, бэк-вокал Джон Хопкинс — продюсер Маркус Дравс — араластыру, продюсер  — араластыру Майкл Трепанье — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Ольга Фитцрой — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Фил Харви — орындаушы Рик Симпсон — араластыру, продюсер  — дизайн Ванесса Пэр — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі Уилл Чемпион — орындаушы, соқпалы аспаптар, пернетақта, бэк-вокал Уильям Паден Хэнсли — дыбыс режиссёрі, дыбыс режиссёрдің көмекшісі

Авторлық құқықты бұзу 2008 жылдың 4 желтоқсанында танымал гитарист Джо Сатриани Лос-Анджелес федералды сотына Coldplay тобының үстінен авторлық құқықты бұзу туралы талап арыз түсірді. Талап арызда «Viva La Vida» (2008) әнінің әуені оның «If I Could Fly» (2004) композициясынан көшірілгені айтылған. Сатриани Coldplay-дан өтемақы өндіріп алуды, сондай-ақ Viva la Vida or Death and All His Friends альбомын сатудан түскен табыстың бір бөлігін алуды көздеді.

2009 жылдың қыркүйегінде іс тоқтатылды. Келісімнің егжей-тегжейлері жарияланбады, бірақ Billboard дереккөзінің хабарлауынша, тараптар өзара (соның ішінде қаржылық) мәмілеге келген. Бұл ретте Coldplay тобы өздеріне тағылған айыпты ресми түрде мойындамау құқығын сақтап қалды.

Тағы қараңыз

Prospekt's March

Дереккөздер

Санат:Coldplay альбомдары Санат:Жасырын тректері бар альбомдар Санат:Үздік рок-альбомы үшін Грэмми сыйлығы Санат:Брайан Ино шығарған альбомдар Санат:Parlophone альбомдары Санат:Capitol Records альбомдары Санат:Ұлыбритания альбомдары Санат:Ағылшын тіліндегі альбомдар Санат:Поп-рок альбомдары Санат:Канадалық альбомдарды басқарған альбомдар Санат:Арт-рок альбомдары Санат:Барокко-Поп альбомдары Санат:Аустралия чартын басқарған альбомдар