Әлия Саққызы Балапанова — саясаттану ғылымының докторы (2008), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 27 наурызда Алматы қаласында туған. ҚазМУ-ды (1991, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. ҚазҰТУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент (1991-2008) қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбегі Негізгі ғылыми бағыты – геосаясат, қазіргі саяси процесстер, жаңа шекаралар қауіпсіздігі факторы, саяси ғылымдарды зерттеу əдістері, əлемдік экономикалық саясат. "Əлемдік даму жағдайындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының шекара саясаты" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Саясаттану ғылымының докторлары