Бағлан Төлегенқызы Аймұрзина — экономика ғылымының докторы (2011), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1975 жылы 9 шілдеде Ақмола облысы, Атбасар ауданында туған.
Ақмола аграрлық университетін (1997, қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті), Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын (2002) бітірген. Ақмола аграрлық университетінде стажер-оқытушы (1997-98), Қазақ экономикалық университетінде аспирант (1999-2003), аға оқытушы, ҚазМУ-дың жанындағы Қаржылық-банктік ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (2003-05), 2005 жылдан бастап Қазақ агротеххникалық университетінің аға оқытушысы, Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университетінің доценті.
Ғылыми еңбектері "Финансовое обеспечение деятельности предприятий агропромышленного комплекса Республики Казахстан: состояние, механизмы финансирования и регулирования" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Кәсіби тәжірибесі "Есіл университеті" (Esil University), Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының жетекшісі (2019-2022). "Астана халықаралық университеті" (Astana International University), профессор (2022-2024).
Марапаттары Ұлттық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі (Академиялардағы мүшелік) (2004). ҚР ҰҒА (ҚР Ұлттық ғылым Академиясы) (Академиялардағы мүшелік) (2004).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер https://enu.kz/kz/portfolio/bdcdca6b0dba2c55b2627e7cc8e1f746bb6c802d6c9e
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар