Шолпан Құзарқызы Жарқынбекова — филология ғылымының докторы (2004), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
ҚазМУ-ды (қазіргі Қазақ ұлттық университеті), аспирантурасын (1989), докторантурасын (2003) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы (1985-95), доцент (1995-2001), докторант (2001-04), Еуразия ұлттық университетінде кафедра профессоры (2005-08), 2008 жылдан факультет деканы.
Ғылыми еңбектері Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары когнитивті лингвистика, халықаралық мəдени коммуникация, тілдік мəдениет, əлеуметтік лингвистика, тілді оқытудың əдістемесі, салыстырмалы тіл білімі салаларын зерттеуге арналған. "Түсті қазақ жəне орыс тілдерінде тілдік тұрғыдан концептуалдандыру" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 140-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография, 5 оқулық пен оқу құралдары, бірнеше оқу əдістемелік құрал, 10 нұсқаулық пен құрастырмалар, 3 сөздік, 110 ғылыми жəне əдістемелік мақалалардың авторы.
Марапаттары ҚР "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2005; 2011) мемлекеттік грант; "ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері" (2008), "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (2009) төсбелгілері; "Болашақ" Президент стипендиясы (2010); "Сорос-Қазақстан қоры" грантының иегері (1999, 2001, 2003, 2005, 2006, 2007).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. Erasmus Mundus (Ғылыми сыйлықтар, ғылыми стипендиялар, гранттар (2018; 2019); Педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен еңбегі үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық (2019); Халықаралық лауазымдар мен дипломдардың иегері (2019).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Еуразия ұлттық университеті. Известные учёные. Политехнический университет Петра Великого.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар