«Бірлік» — Алматы қаласындағы Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзені құятын тұста орналасқан арт-нысан.Алматыда итті құтқарған адамдарға арналған мүсін орнатылды | Inbusiness.kz Композиция 2016 жылы орын алған шынайы оқиға — адамдардың суға батып бара жатқан итті құтқару үшін «тірі тізбек» құрып, бір-біріне көмектескен сәтіне арналған.

Оқиға тарихы Арт-нысанның негізіне 2016 жылдың жазында Сайран су қоймасында болған резонансты оқиға алынған. Сол күні суға құлап кеткен ит бетон жағалаудың тіктігінен өздігінен шыға алмай қалған. Оған көмектеспек болған жас жігіт те төмен түсіп, бірақ қайта көтерілуге мүмкіндігі болмаған. Оқиға куәгерлері бірден жұмылып, бір-бірінің қолынан ұстап, «тірі тізбек» құрады. Нәтижесінде алдымен ит, кейін оны құтқармақ болған жігіт аман-есен жоғарыға шығарылған. Бұл сәттің суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, алматылықтардың жанашырлығы мен бірлігінің символына айналды.Араға он жыл салып: Алматыда итті құтқару оқиғасына арналған арт-нысан ашылмақ

Сипаттамасы Мүсіндік композицияның авторы — танымал қазақстандық суретші Ербосын Мельдибеков.Алматыда итті құтқару оқиғасына арналған ерекше арт-нысан бой көтеруде: 22 наурыз 2026 | BAQ-ORDA.KZ Туынды адамдардың өзара көмегі мен мейірімділігін бейнелейді. Арт-нысанның басты ерекшелігі — оның интерактивтілігінде: композициядағы ең соңғы адамның қолы қоршаудан сыртқа қарай созылып жасалған. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына сол «құтқару тізбегіне» символикалық түрде қосылып, суретке түсуге мүмкіндік береді.

Орнатылуы Жобаны жүзеге асыруға бастамашы болған — «ForteBank».Алматылықтарға арналған ерекше мүсін Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл нысанды тұрғызуға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Арт-нысанның ресми ашылуы 2026 жылдың 22 наурызында — Наурыз мерекесіне орай болды.

Арт-нысан Үлкен Алматы өзенінің Сайран көліне құятын бөлігінде орналасқан. Ол заманауи қалалық ортаның ажырамас бөлігі ретінде қоғамдағы ізгі құндылықтарды — мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауды көздейді.

Тағы қараңыз Ербосын Мельдибеков

Дереккөздер

Санат:Алматы ескерткіштері Санат:2026 жылғы өнер туындылары Санат:Арт-нысандар Санат:Мүсіндер