Фазыл би (Фазыл төре, ) — өзбектің Маңғыт әулетінен шыққан Бұхара хандығының номиналды ханы (1758–1758). Өзбек маңғыттар әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахым ханның немересі.

Мұхаммед Рахым ханның жалғыз қызынан басқа перзенті болмаған. Ол өз қызын Әбілпейіз ханның ұлы Әбділмүмін ханмен некелестірді. Әбділмүмін хан өлтірілгеннен кейін, ол аталған қызын өзінің жиені Нарбота бимен үйлендірді. Осы некеден Фазыл би есімді ұлы дүниеге келді.

1758 жылы Мұхаммед Рахым хан қайтыс болғаннан кейін, марқұмның артында ұл бала қалмауына байланысты, хан болып Фазыл би сайланды. Алайда мемлекеттегі іс жүзіндегі билік аталық лауазымын қанағат тұтқан Мұхаммед Рахым ханның ағасы — Даниял бидің қолында болды. Дәл осы Даниял би әмірлердің, лауазымды тұлғалар мен көшпелі тайпалар көсемдерінің қалауы бойынша мемлекетті мұраға алып, 1758 жылы таққа Фазыл биді отырғызды.РАССКАЗ О ВОСШЕСТВИИ НА ПРЕСТОЛ ВЕЛИКОГО ЭМИРА, ЭМИРА ДАНИЙАЛА. Мирза 'Абдал’азим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. М. 1962

Бір жылдан кейін Даниял би Фазыл бидің әкесі — Нарбота бидің ойланбай жасаған іс-әрекеттеріне байланысты Фазыл биді Қаршыға бек-губернатор етіп тағайындады. Фазыл бидің орнына ол Әбілпейіз ханның қыздарының бірінен туған немересі — Әбілғазы ханды алдыртып, оны хан деп жариялады. Даниял би құтпада оның есімін ататқызып, оның атынан теңге соқтыра бастады, ол үшін үй мен сарай салдырды және мәртебесіне сай өмір сүруге қажетті қаражатпен қамтамасыз етті. Ал өзі бұрынғысынша сенімді өкіл лауазымында қалып, әкімшілік және қаржы істерін басқарды.

Өлімі ​Фазыл би 1758 жылы өлтірілді.

Әдебиет Мирза Абдалазим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. — М., 1962.

Дереккөздер

Санат:Бұхара әмірлігі