Новенькое — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Байқоныс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде, Шаған өзенінің сол жағалауындағы дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1005 адам (467 ер адам және 538 әйел адам) болса, 2009 жылы 1341 адамды (664 ер адам және 677 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1383 адамды (692 ер адам және 691 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1967 жылы Орал асыл тұқымды құс репродукторын құруға байланысты қаланған. 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері