Людмила Геннадьевна Тургунова — медицина ғылымының докторы (2007), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 9 ақпанад Өзбекстанның Ташкент облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1991, қазіргі Қарағанды медицина университеті). 1991 жылдан Қарағанды мемелекеттік медицина университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – ішкі аурулардың диагностикасы мен емдеуді жетілдіру. 2006 жылы "Острые и хронические лейкозы у взрослого населения Казахстана" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, 14 оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулардың авторы, 4 авторлық куәлік пен патенттің иегері.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Марапаттары П.М. Поспелов атындағы медаль (2015); "Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалі" (2018); "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі" (2021).ҚМУ. Қызметкерлер.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері