Тахир хан (; туған жылы белгісіз – 1741) — 1740–1741 жылдары билік құрған Хиуа ханы, Аштархан әулетінің өкілі, II Елбарыс ханның мұрагері.Šir-Moḥammad Mirāb Munes and Moḥammad-Reżā Mirāb Āgahi, Ferdaws al-eqbāl, ed., tr., and annotated by Yuri Bregel as Firdaws al-iqbal: History of Khorezm, 2 vols., Leiden, 1999. p.66

Саяси қызметі ​Ол 1740 жылы Хиуа ханы II Елбарыс өлім жазасына кесілгеннен кейін, Афшар әулетінен шыққан Нәдір шахтың бұйрығымен Хорезм ханы болып тағайындалды. Тахир хан Арал өңірінен өзбек бектері Артық пен Сайид Әлиді көмекке шақырғанымен, бұл оның билігін сақтап қалуға септігін тигізе алмады.

Қаза табуы ​Тахир хан бар болғаны алты ай ғана билік жүргізді. Халық оның Нәдір шахқа бағыныштылығына наразы болып, 1741 жылы оны өлтіріп тастады.

Әдебиет Šir-Moḥammad Mirāb Munes and Moḥammad-Reżā Mirāb Āgahi, Ferdaws al-eqbāl, ed., tr., and annotated by Yuri Bregel as Firdaws al-iqbal: History of Khorezm, 2 vols., Leiden, 1988–1999

Дереккөздер

Санат:Хорезм билеушілері