Орион () — аспан экваторына жақын орналасқан шоқжұлдыз.

Ең жақсы көрінетін шоқжұлдыздардың бірі. Оны Орион белдеуі атты қатарынан орналасқан үш жұлдыздан тұратын астеризм арқылы оңай анықтайды.

Ежелгі грек мифологиясына сәйкес Орион есімді алып аңшы Артемида атқан жебеден өледі және жұлдыздар шоғырына айналады. Аңыздың басқа нұсқасы бойынша Орион плеядалардың біріне ғашық болып, көп жылдар бойы соңынан қалмады. Бұны жақтырмаған Зевс оны жұлдыздар тобына айналдырыпты-мыс.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 8 том

Ал Ежелгі Бабыл жазбаларында бұл шоқжұлдызды «Көктегі бақташы» деп атайтын.

Шоқжұлдызда 2777 айнымалы жұлдыз бар екені белгілі. Бұл көрсеткіш бойынша Орион барлық шоқжұлдыздар ішінде екінші орында тұр.

Астеризмдер Бау немесе Көбелек — Бетельгейзе, Ригель, Беллатрикс, Альнитак, Минтака және Саиф құрайтын фигура Орионның басы — λ жұлдызы және қасындағы екі кішігірім жұлдыз Орион белдеуі Минтака, Альнилам және Альнитак жұлдыздарынан құралған Орион қылышы Хатсия мен Тета жұлдыздарынан және Орион тұмандығынан құралған Орион қалқаны доға сияқтанып орналасқан π1, π2, π3, π4, π5, π6 жұлдыздарынан тұрады Орион шоқпары χ2, χ1, ν, ξ және 69 жұлдыздарынан тұрады Венераның айнасы — Орион белдеуі төбе ретінде қарастырылатын трапеция нобай|солға| Дереккөздер

Санат:Орион (шоқжұлдыз) Санат:Катастеризмдер