Әзиз би (Әзизқұл, Мырза Әзиз) (; Бұхара әмірлігі — 1860, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткері, дипломат. Бұхара әмірлігінің бас зекетшісі (қаржы министрі) және құшбегі — бас уәзірі (1837—1860).Миссия в Хиву и Бухару в 1858 г. флигель-адъютанта полковника Н. Игнатьева . — , 1897.Ахмад Дониш. История мангитской династии . — Душанбе: Дониш, 1967.
Әзиз би өзбектің маңғыт руынан шыққан және әскери бөлімше бастығы — тоқсаба шенін иеленген.
Саяси қызметі Әзиз би Насрулла әмірдің тұсында ресми түрде бас зекетші — қаржы министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар, оған әмірліктің барлық сауда және дипломатиялық істері сеніп тапсырылды.
Әмір астанада болмаған кездерде, ол құшбегі — бас уәзірдің міндетін атқарып, іс жүзінде әмірліктің барлық істерін басқарды.
Қызықты деректер 1858 жылы Хиуа мен Бұхараға жіберілген әскери-дипломатиялық миссияның басшысы Н.П. Игнатьев Әзиз бимен тығыз байланыста жұмыс істеді.
Әскери-дипломатиялық миссия мүшелері Бұхараға келген сапарында оларды Қаракөлде Әзиз бидің туыстары қарсы алды.
Кейіннен Н.П. Игнатьев Насрулла әмірмен сауда шартын сәтті жасасып, әмірдің тұтқынында болған барлық Ресей азаматтарын босатты.
Отбасы Әзиз бидің ұлы Равшанкұл бек Сейіт Әбдімәлікке қызмет етті. Сейіт Әбдімәлік өз әкесі — Бұхара әміріне қарсы көтеріліс бастаған кезде, Равшанкұл бек Мұзаффардың жағына өтіп, мирахұр шенін иеленді.
Қазасы Әзиз би Мұзаффар әмірдің тұсында өлтірілді.
Әдебиет Миссия в Хиву и Бухару в 1858 г. флигель-адъютанта полковника Н. Игнатьева. СПб. 1897 Ахмад Дониш. История мангитской династии. Душанбе. Дониш. 1967 Абдалазим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. М. 1962
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері