Астанқұл би (Астанқұл би, Астанқұл құшбегі) ( 1860, Бұхара әмірлігі – 1923, Бұхара Халық Кеңес Республикасы) — мемлекет және әскери қайраткер, дипломат, көптеген бектіктердің бегі — губернаторы, диуанбегі, бас зекетші — қаржы министрі, Бұхара әмірлігінің құшбегісі — премьер-министрі (1889–1910).
Әмірлік аумағында кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Астанқұл би Бұхара Халық Кеңес Республикасының Уақып істері жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Шығу тегі Астанқұл би ирандықтардан шыққан. Бұл әулеттің негізін қалаушы әрі атасы — Молда Мұхаммед би Парсы елінің Мәшһәд қаласына жақын орналасқан Қарай деген жерінен болатын. Ол он-он екі жасар бала кезінде түрікмендердің қолына тұтқынға түсіп, 1820 жылы олар оны Бұхараға сатуға алып келеді. Мұнда оны әйгілі Хәкім құшбегі бірнеше алтынға (червонец) сатып алады. Нәтижесінде ол құлдан Бұхара әкімшілігінің басшысына дейінгі жолды жүріп өтіп, Әмір Мұзаффардың ең сенімді лауазымды тұлғаларының біріне айналды және Бұхара құшбегісі лауазымын иеленді. Оның әкесі Мұхаммед Шариф әмірлікте мемлекеттік және әскери қайраткер, дипломат, бас зекетші, Бұхара уәлаятының билеушісі болған және инақ шенін иеленген.
Саяси қызметі Әмір Мұзаффар билік еткен кезеңде Астанқұл би жас кезінен бастап ретімен Қаршы және Шаржүй бектіктерінің билеушісі болып тағайындалды. |thumb|Астанқұл би парванашы 1888 жылы әкесі Мұхаммед Шәріп өлтірілгеннен кейін, Астанқұл би Әмір Сейіт Әбдулахад ханнан инақ шенін және бұған дейін әкесі атқарған бас зекетші лауазымын алды. Ол да әкесі сияқты Бұхара үкіметі мен Ресейдің саяси агенттігі арасындағы байланысты жүзеге асырып, әмірдің тапсырмасы бойынша түрлі ресми хаттамаларға, келісімдерге және т.б. құжаттарға қол қойды, әртүрлі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Кейіннен ол бір мезгілде бас зекетші және құшбегі лауазымдарын қатар атқарды. thumb|Бұхара әмірі және оның нөкерлері 1896 жылы Мәскеуде thumb|Сейіт Әбдулахад хан мен тақ мұрагері Сейіт Әлім хан және әмірдің нөкерлері Санкт-Петербургтегі Қысқы сарайда. Сол жақтан үшінші — Астанқұл би. 1893 және 1903 жылдары Астанқұл би Әмір Сейіт Әбдулахад ханның Ресейге жасаған сапарларында оның жанында болды (еріп барды). Ол көптеген Бұхара және Ресей ордендерімен марапатталған.
1910 жылдың қаңтарында Бұхарада шииттер мен сүнниттер арасында ірі толқулар орын алды. Астанқұл би Бұхара әмірлігі үкіметінің басшысы ретінде шииттерге өздерінің қасиетті Ашура мерекесін мемлекет астанасында ашық тойлауға рұқсат берді (бұған дейін бұл мереке тек ирандықтар орамының шеңберінде ғана тойланатын). Алайда, шииттер Бұхараның басты көшелерімен өтіп бара жатқанда, сүнниттер олардың жоралғыларын мазақ етіп, келекеге айналдырды. Бұл ашуланған ирандықтардың топқа шабуыл жасауына алып келіп, нәтижесінде бір бұхаралық қаза тапты. Осыдан кейін шииттерді қудалау (погром) басталып, олар орыс әскерлерінің қорғауына өту үшін Жаңа Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Патша әскерлерінің көмегімен қырғынды тоқтату мүмкін болғанымен, сүнниттер мен шииттер арасындағы қақтығыстар қала сыртында біраз уақытқа дейін жалғасты. Осы сүнниттік-шииттік қырғынның салдарынан 500-ге жуық бұхаралық пен ирандық қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін Әмір Сейіт Әлім хан Астанқұл биді жоғары лауазымдарынан босатты.
Биліктен шеттетілген Астанқұл би алдымен Зиадинге, содан кейін Қатыршы бектігіне бек болып тағайындалды, бірақ көп ұзамай Әмір Сейіт Әлім ханның бұйрығымен Қарман қаласының түрмесіне қамалды.
Әмірлік аумағында кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Астанқұл би Бұхара Халық Кеңес Республикасының Уақып істері жөніндегі басқармасында қызмет етті.
Әдебиет Холикова Р.Э. К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского эмирата (1888–1910 гг.) (со слов его родственников) // Молодой ученый. — 2015. — № 15. — С.519-524 Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э.: История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с. Айни, Садриддин, Воспоминания, (пер. с таджикского А.Розенфельд). — М.-Л., 1960. Абдалазим Сами. Тарих-и салатин-и мангитийа (История мангитских государей). Изд. текста, пред., пер. и прим. Л.М. Епифановой. — Москва, 1962.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:II дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Қаршы бектері Санат:Шаржүй бектері Санат:Зиадин бектері Санат:Хатыршы бектері