Пюре ( ескі француз тілініӊ purer сөзінен шыққан, «тазартылған» деп аударылады) — езілген көкөністер немесе жемістерден дайындалатын тағам. Көбінесе картоптан жасалады.
Картоп пюресінің алғашқы рецепті британиялық Ханна Гласстың 1747 жылы жазып шығарған кітабында кездеседі.Ханна Гласс. The Art of Cookery Made Plain and Easy, 1747 ж. 148-бет.
Пюре әдетте ет тағамдарымен бірге гарнир ретінде беріледі.Larousse Gastronomique, 2000 ж. 949-бет. ISBN=0600602354
Францияда пюреге жұмыртқаның саруызын қосып, картоп дюшесті жиі дайындайды. Бұл тағамға сүттің орнына көбірек май қосылады. Италия мен Аустрияда пюре мен ұннан ньокки тағамын дайындайды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Крокеттер
Санат:Картоп тағамдары Санат:Гарнирлер