Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;      жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;      жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;      өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Ұлттық кеңестің құрамы Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің төрағасынан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады. Ұлттық кеңестің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы өз лауазымы бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді және Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады. Ұлттық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді.

Ұлттық кеңестің мүшелері

     Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;      Ұлттық кеңестің отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;      Ұлттық кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.      Ұлттық кеңестің мүшелерінде Мемлекет басшысы қол қойған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің куәлігі болады. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді.      Ұлттық кеңестің отырыстары жалпы пленарлық және тақырыптық болып бөлінеді.      Ұлттық кеңестің отырысында мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп есептеледі. № Аты-жөні Қызметі 1 Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті, төраға 2 Көшербаев Қырымбек Елеуұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары 3 Қарин Ерлан Тынымбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы 4 Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы Экономикалық саясат институтының президенті 5 Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 6 Әбдіғалиұлы Берік «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы 7 Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы Қоғам қайраткері, «Серпін» палатасының төрағасы 8 Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті 9 Әшімбаев Данияр Рахманұлы Саясаттанушы 10 Байтасов Арманжан Мерекеұлы Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы 11 Бұқарбай Бақытжан Қоғам қайраткері 12 Дорофеев Михаил Викторович «Informburo.kz» бас редакторы 13 Еспаева Дания Мәдиқызы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 14 Жандосов Ораз Әлиұлы «Ракурс» орталығының директоры 15 Жолдыбайұлы Қайрат Дінтанушы 16 Жұмалы Расул Саясаттанушы 17 Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы Әлеуметтанушы, «Стратегия» қорының басшысы 18 Иса Қазыбек Жарылқасынұлы «Қазақ үні» ЖШС президенті 19 Кенжеханұлы Рауан «Ұлттық аударма бюросы» қорының атқарушы директоры 20 Қалиев Талғат Бегімұлы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры 21 Қожахметов Асылбек Базарбайұлы Азаматтық альянс президенті 22 Қожық Жәнібек Қоғам қайраткері 23 Қуат Дәурен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы 24 Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы Қоғам қайраткері 25 Мусин Бағдат Батырбекұлы Кәсіпкер, IT-маман 26 Мұқибек Ауыт Қоғам қайраткері 27 Мырзахметов Абылай Исабекұлы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы 28 Нұрбек Саясат «BTS Digital» білім беру жобаларының басшысы 29 Нұров Қанат Ильяұлы Алматы жоғары басқару мектебінің президенті 30 Омарова Айман Мұратқызы Адвокат, құқық қорғаушы 31 Орынбек Айгүл Құқық қорғаушы 32 Ошақбаев Рахым Сәкенұлы «Талап» орталығының директоры 33 Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы Ұлттық аграрлық орталық төрағасы 34 Садырбай Асхат Мұратұлы «Team Qazaqstan» жетекшісі 35 Саиров Ерлан Бияхметұлы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары 36 Сарым Айдос Әміроллаұлы Саясаттанушы 37 Споткай Максим Александрович ҚХА мүшесі, «Жаңғыру жолы» жетекшісі 38 Тайжан Мұхтар Болатханұлы Экономика ғылымдарының кандидаты 39 Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы «Адам құқықтары хартиясы» қорының директоры 40 Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы Режиссер, кинематографистер одағының төрағасы 41 Тілеухан Бекболат Қанайұлы Мәжіліс депутаты 42 Чеботарев Андрей Евгеньевич «Альтернатива» орталығының директоры 43 Шибұтов Марат Мақсұмұлы «Транспаренси Казахстан» кеңесінің төрағасы 44 Шораев Арман Төлегенұлы «Қазақстан барысы» қорының төрағасы Дереккөздер

Санат:Қазақстан президенті жанындағы кеңесші органдар