Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан.

Университет тарихы Университет 1999 жылы ашылды.

Цифрлық трансформация және жасанды интеллект бөлімі Цифрлық трансформация және жасанды интеллект — бұл заманауи технологиялар арқылы қоғамды, бизнесті және түрлі салаларды дамытуға бағытталған өзара байланысты ұғымдар. Цифрлық трансформация — ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жұмыс процестерін өзгерту және жетілдіру болса, ал жасанды интеллект — сол процестерді автоматтандырып, деректерді талдау, үйрену және шешім қабылдау қабілеті бар интеллектуалды жүйелерді қолдану. Цифрлық трансформация және жасанды интеллект басқармасының басшысы - Омаров Акылбек Нурлыбекович, техникалық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Ph.D. Бұл бағыт 2026 жылы ашылған жаңа бөлім болып табылады және ол Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде цифрландыру мен инновацияны дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Кафедралар және БББ Университетте 5 кафедра бар. «Жалпы техникалық пәндер» «Экономика және менеджмент» Техникалық пәндер кафедрасы Құқықтану кафедрасы «Құрылыс және техносфералық қауіпсіздік»

Жалпы техникалық пәндердің кафедра меңгерушісі Амрешов Нурлан Жангелдиевич - академиялық доцент, техника ғылымдарының магистрі

"Экономика және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі Исагалиев Сакен Талгатович - аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі

Экономика және менеджмент кафедрасының білім беру бағдарламалары 6B04105 Менеджмент 6B04106 Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару 6B04107 Экономика және бизнес 6B04108 Бухгалтерлік есеп және аудит 6В04109 Бағалау 6B04110 Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару.https://kazuits.edu.kz/kz/kafedralar/ekonomika-zhane-menedzhment-kafedrasy/2019-04-03-05-42-07

Математика — География

6В07318 Кадастр

6B07319 Жерге орналастыру "Экономика және менеджмент" кафедрасының тарихы «Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экономика факультетінің» негізінде 1998 жылдан бастау алды. Ол кезде кафедра «Арнайы эконмикалық пәндер» болып аталып, «Экономика» және «Қаржы» мамандықтары бойынша білім берді. 2001–2002 оқу жылдарында экономикалық факультеттің деканы болып Қайрлиева Гаухар Ермекқалиқызы тағайындалды. Осы кезеңде факультеттің дамуына білікті әрі тәжірибелі оқытушылар — Тастемиров Асқар Ғұмарұлы, Хабибуллина Нурия Хаджиқызы, Рүстенова Эльвира Амангелдіқызы, Окунева Валентина Николаевна елеулі үлес қосты. 2005 жылдан бастап «Арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін Камиева Алмагүл Ақболатқызы атқарды. Осы кезеңде экономикалық факультет құрылымында «Арнаулы пәндер» және «Жалпы кәсіптік пәндер» кафедралары жұмыс істеп, кейіннен олар «Есеп және қаржы» және «Экономика және басқару» кафедралары болып қайта құрылды. 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ресей Федерациясы РЖА профессоры Искаков Санимжан Ербозымұлы атқарды. 2019 жылы кафедра меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы РАЕ профессоры, Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) академигі Серікбаев Серік Кенесұлы тағайындалды. 2021–2022 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының магистрі Мекин Мәдениет Әділұлы атқарды. 2023–2024 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраға Исагалиев Сәкен Талғатұлы жетекшілік етуде. https://kazuits.edu.kz/kz/kafedralar/ekonomika-zhane-menedzhment-kafedrasy/2019-04-03-05-42-07

Ғылыми-зерттеу институттары "ЭкоЖерЖоба" ҒЗИ

Дереккөздер