Фёдор Герасимович Коньков (1922—1987) — Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының сержанты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры (1945).
Өмірбаяны Фёдор Коньков 1922 жылғы 21 наурызда Лукинка ауылында (қазіргі Владимир облысының Судогод ауданында) дүниеге келген. Толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Ковров қаласында тұрған. Фабрика-зауыт мектебін аяқтаған соң аспап жасау зауытында слесарь ретінде жұмыс істеген. 1941 жылдың қараша айында Коньков Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясы қатарына шақырылды. 1942 жылдың ақпан айынан бастап Ұлы Отан соғысы майдандарында болды. Ленинград, Батыс, Орталық және 1- і Беларусь майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың сәуір айында Старая Русса маңындағы шайқаста жараланған.
1943 жылдың қазанына қарай сержант Фёдор Коньков 1- і Беларусь майданы 65-армиясының 20-ы жеке танкіге қарсы артиллериялық бригадасына қарасты 1184-і танкіге қарсы артиллериялық полктің 5-і батареясында зеңбірекші болған. Нарев өзенінен өту кезінде ерекше ерлік көрсетті. Сероцктен солтүстікке қарай 7 шақырым жердегі Тжепово ауылының маңындағы Нарев өзенінің батыс жағалауындағы плацдармда шайқас кезінде Коньков 3 танкіні, 6 пулеметті және шамамен 100 жау солдаты мен офицерін жеке өзі жойып, екі неміс қарсы шабуылын тойтарды. Шайқас кезінде оның бүкіл тобы саптан шыққанына қарамастан, Коньков жалғыз шақасты жалғастырған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 21 ақпандағы Жарлығымен «неміс басқыншыларына қарсы шайқаста майдандағы қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және көрсеткен батылдығы мен қаһармандығы үшін» сержант Федор Коньковқа Ленин ордені мен 7391 нөмірлі «Алтын Жұлдыз» медалімен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылдың ақпанында алған ауыр жарақатына байланысты Коньков әскер қатарынан босатылды. Ковров қаласына оралып, аспап жасау зауытында жұмыс істеді.
1987 жылғы 23 шілдеде қайтыс болды. Ковров қаласындағы Троицк-Николь зиратының Даңқ аллеясына жерленген.
І дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
Коньковтың құрметіне Ковров қаласында ескерткіш орнатылған.
Шығармалар Кеңес Одағы Батырлары: Қысқаша биографиялық сөздік / Редакциялық алқа төрағасы И.Н. Шкадов. — М.: Воениздат, 1987. — Т. 1 /Абаев — Любичев/. — 911 б. — 100 000 дана. — ISBN жоқ, РКП № 87-95382. Туғанына 90 жыл толуына орай // «Дегтярёвец». — 2012 — 21 наурыз. Нагорный А.Ф., Травкин В.В. Владимир жерінің батырлары. — Ярославль: 1967.
Сыртқы сілтемелер Фёдор Герасимович Коньков. "Ел батырлары" сайты.