Александр Львович Нахманович (1 қараша 1924 жыл – 14 мамыр 1996 жыл) — Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері.

Өмірбаяны 1924 жылдың 1 қарашасында Белоруссияның Копыль ауданының Пузово селосында дүниеге келген. 1935 жылы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) Буденновка ауылына (қазіргі Түймекент ауылы) көшіп келді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 1942 жылдың қараша айында 18 жасында Кеңестің Қызыл әскері қатарына шақырылды. 1942-1944 жылдары аралығында соғыс майданында болған. 1-Белорусь фронтының старшинасы дәрежесінде барлау полкінің взводына басшылық еткен. Славгород қаласының маңындағы Сож өзенінің бойындағы көпірді жару туралы тапсырманы орындағаннан кейін қайтар жолда жаумен шайқаста ауыр жарақат алған. 1945 жылы 2-дәрежелі мүгедек болып елге қайта оралған.

Еңбек жолы 1945 жылдан бастап Жамбыл қызылша кеңшарында жұмыс істеді. 1958 жылы Жамбылдағы XXII партсъезд атындағы ұжымшардың төрағасы болды. 1964 жылы 3 қаңтарда «Трудовой пахарь» ұжымшарының басшысы қызметіне келді. Александр Львович Нахмановичтің кезінде «Трудовой пахарь» қант қызылшасын өсіруде іргелі табыстарға қол жеткізді. Шаруашылықтың барлық саласы дамыған «Трудовой пахарь» ұжымшарын озат тәжірибе тарататын орталыққа айналдырды. КСРО Жоғарға Кеңесінің Төралқасының 1965 жылғы жарлығымен А.Л. Нахмановичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол 4 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 30 жылдан астам уақыт «Трудовой пахарь» ұжымшарының басшысы болған Александр Львович Нахманович 1996 жылы 14 мамырда қайтыс болды.

Марапаттары Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейінгі өмірінде «Халықтар достығы», «Ленин», Еңбек Ері Батырының «Алтын Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Қазан революциясы» медалімен марапатталды. Қазіргі таңда Түймекент ауылында бір көшеге есімі берілген.

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары