нобай|340x340 нүкте|Фернан Кнопф "Естеліктер". 1889 «Естеліктер» — бельгиялық суретші Фернан Кнопф-тың пастель туындысы.
Пастельде шөп үстіндегі теннис кортында тұрған жеті әйел бейнеленген. Олардың барлығы ұзын көйлек киген, алтауы бас киіммен, бесеуінің қолында ракетка бар. Барлық әйелдер қимылсыз қалыпта бейнеленіп, әрқайсысы әр жаққа қарап тұр, бір-бірін байқамай, өз естеліктеріне берілген. Кейіпкерлердің барлығына суретшінің әпкесі — Маргарита Кнопф модель болған. Суретшінің оған ғашық болғаны, сондай-ақ «Естеліктер» және Кнопфтың басқа да суреттерде әйелді еркектік белгілермен түсіру оның нарциссизмімен байланысты деген пікір бар.ур
Көрерменге арқасымен тұрған әйелден басқа барлық кейіпкерлер әртүрлі бағытқа қарағанымен, пастельде сол жақтан оң жаққа қарай бағытталған белгілі бір қозғалыс әсері байқалады. Сол жақта тұрған, ең ашық түсті көйлек киген әрі бас киімсіз әйел жастықты білдіріп, ал оң жақтағы қара түсті көйлек киген әйел өмір жолының соңын меңзейді. Орталықтағы кейіпкер артына бұрылып, өткен өмірін еске түсіріп тұрғандай әсер қалдырады.
«Естеліктер» суреті фотографиялық дәлдікке жақын орындау техникасымен ерекшеленеді. Кнопф картиналарын жазуға дайындық барысында фотосуреттерді жиі пайдаланған. Бұл пастельдің негізін оның әпкесі Маргаританың алты фотосуреті құрайды, олар күрделі құрылымды фотоаппарат арқылы, Штейнгель линзаларын қолдануымен жасалған. Кнопф бұл фотосессияларға ерекше мән беріп, Маргаританың қандай қалыпта түсірілуі керектігін өзі анықтап, оның костюмдерін мұқият таңдаған.
Әдебиет
Michael Gibson.Symbolism.— Köln: Taschen, 2000.— б.90—94.— ISBN 3-8228-7030-7.
Санат:Суреттер