КСРО сыртқы сауда министрлігі () — КСРО-дағы мемлекеттік сыртқы сауда монополиясының негізгі органы.
Тарихы Сыртқы сауданы ұлттандыру туралы декрет Кеңестік сыртқы сауда ХКК 1918 жылғы 22 сәуірдегі «Сыртқы сауданы ұлттандыру туралы» декретімен белгіленген мемлекеттік монополия негізінде жүзеге асырылды. 1-бапта «Барлық сыртқы сауда ұлттандырылады. Шетел мемлекеттерімен және шетелдегі жеке сауда кәсіпорындарымен барлық өнім түрлерін (шығарушы, өндіруші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б.) сатып алу және сату бойынша сауда мәмілелерін Ресей Республикасының атынан арнайы уәкілетті органдар жүргізеді. Осы органдардан басқа, шетелдерден әкелу және шетелдерге шығару бойынша барлық сауда келісімдерге тыйым салынады» деп көрсетілген. Декретке сәйкес, сыртқы сауданы тікелей мемлекеттік басқару Сауда және өнеркәсіп халық комиссариатына жүктелді, ол 1920 жылы Сыртқы сауда халық комиссариаты болып өзгертілді («Заңдар жинағы» (), 1920, № 53, 235-бап). Бұдан былай сыртқы сауда келісімдерін тек мемлекет арнайы уәкілеттік берген органдар ғана жүргізе алатын.
1920 жылы РКФСР сыртқы сауда халық комиссариаты құрылды. 1922 жылы КСРО сыртқы сауда халық комиссариаты, содан кейін 1924 жылы КСРО ішкі сауда халық комиссариаты құрылды, ал 1925 жылы бұл екі орган бірыңғай Сыртқы және ішкі сауда халық комиссариатына біріктірілді. 1930 жылы Халық комиссариаттар қайтадан Сыртқы сауда халық комиссариаты және Жабдықтау халық комиссариаты болып бөлінді. 1953 жылы Сыртқы және ішкі сауда министрліктері Сыртқы және ішкі сауда министрлігіне біріктіріліп, 1958 жылы қайтадан бөлінді. Кейінірек Сыртқы сауда министрлігіне Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитет қосылды.
Сауда және өнеркәсіп халық комиссариаты 1917 жылы Сауда және өнеркәсіп халық комиссариаты (РКФСР СжӨХК) құрылды.
Комиссарлар: Ногин Виктор Павлович — 3.11.1917 дейін Смирнов Владимир Михайлович 3.11.1917—1918А. Л. Сидоров «Исторические записки» Издательство Академии наук СССР, 1990 г. Стр. 20 уақытша қызмет атқарушы Бронский Мечислав Генрихович 18.03. — 13.11.1918 Красин Леонид Борисович 1919—1920
Комиссарлардың орынбасарлары: Бронский Мечислав Генрихович 1917—1918 Елизаров Марк Тимофеевич 1918—1919 Соломон Георгий Александрович 1919—1920
Істерді басқарушы (Халық комиссариаты алқасының мүшесі): Горчаков Сергей Григорьевич 1918—1920
РКФСР сыртқы сауда халық комиссариаты (РКФСР ССХК) 1920 жылы РКФСР сауда және өнеркәсіп халық комиссариатын қайта құру арқылы құрылды.
Комиссар: Красин Леонид Борисович
Комиссардың орынбасарлары: Соломон Георгий Александрович 1920 Шейнман Арон Львович 1920 Лежава Андрей Матвеевич 1920—1922
Істерді басқарушы: Горчаков Сергей Григорьевич 1920—1921
КСРО сыртқы сауда халық комиссариаты (КСРО ССХК) 1922 жылы РКФСР сыртқы сауда халық комиссариатын қайта құру арқылы құрылды.
Комиссар: Красин Леонид Борисович 1922—1925.
Комиссардың орынбасарлары: Фрумкин Моисей Ильич 1922—1924. Аванесов Варлаам Александрович 1924—1925.
КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссариаты
1925 жылдың қарашасында КСРО сауда халық комиссариаты мен КСРО сыртқы сауда халық комиссариаты екеуі КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссариатына біріктірілді.
Комиссарлар: Цюрупа Александр Дмитриевич 1925 — 16 қаңтар 1926 Каменев Лев Борисович 16 қаңтар 1926 — 14 тамыз 1926 Микоян Анастас Иванович 14 тамыз 1926 — 22 қараша 1930
Комиссарлардың орынбасарлары: Красин Леонид Борисович 1925—1926 Шейнман Арон Львович 1925—1926
КСРО сыртқы сауда халық комиссариаты Комиссарлар: 1930—1937 Розенгольц Аркадий Павлович 1937?—1938 Чвялев Евгений Денисович 1938—1946 Микоян Анастас Иванович Комиссарлардың орынбасарлары: 1930—1934 Вейцер Израиль Яковлевич 1932—1937 Логановский Мечислав Антонович 1935—1937 Судьин Сергей Корнилович 1937—1938? Чвялев Евгений Денисович ?—1940 Розов Давид Аронович
Сыртқы сауда министрлігі 1946 жылы КСРО cыртқы сауда халық комиссариатын қайта құру арқылы алғаш рет КСРО cыртқы сауда министрлігі құрылды.
1953 жылдың 5 наурызынан 24 тамызына дейін ішкі сауда министрлігімен біріктіріліп, Ішкі және сыртқы сауда министрлігі деп аталды.
1953 жылы 24 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Сыртқы сауда министрлігі қайта құрылды.
КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі 1988 жылы, Қайта құру кезінде, Сыртқы сауда министрлігі ақыры таратылып, дербес өмір сүруін тоқтатты.
Сыртқы сауда министрлігі мен КСРО сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеті (КСРО ЭБМК) екеуі КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне біріктірілді. ЭБМК төрағасы жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды.
Министрлік осы түрде 1991 жылдың желтоқсанында КСРО тарағанға дейін жұмыс істеді (РКФСР Үкіметінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы №50 қаулысымен Ресей аумағында және шетелде КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің материалдық базасы РКФСР сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің құзыретіне берілді).
Министр: Катушев Константин Федорович 1988 — 1991
Заңды негіз және уәкілетті органдар Жоспарлаушы, үйлестіруші және басқарушы органдары 1936 жылғы КСРО Конституциясындағы 14-бабының 3-тармағында сыртқы сауда монополиясына негізделген сыртқы сауда КСРО-ның қарауында, оның мемлекеттік биліктің жоғары органдары мен мемлекеттік әкімшілік органдары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген. Сыртқы сауданы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік органдар жүйесін КСРО Министрлер Кеңесі басқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау комитеті (КСРО мемжоспар) сыртқы сауданы басқаруға қатысады, оның қарауында экспорт пен импортты жоспарлау кіреді. Сыртқы сауданың өнертабыстарды пайдалануға лицензияларды сату және алу тәртібін КСРО Министрлер Кеңесінің Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комитеті (КСРО ҒТМК) анықтайды.
Сыртқы сауда министрлігі негізгі атқарушы орган ретінде Сыртқы саудадағы тікелей мемлекеттік басқаруды одақтық сыртқы сауда министрлігі жүзеге асырады. Бұл министрлік (бұрынғы Халық комиссариаты) туралы 1923 жылғы 12 қарашадағы Ережеге сәйкес (СУ 1923, № 108, 1035-бап), ол «КСРО-ның барлық сыртқы сауда қызметін мемлекеттік монополия негізінде басқару үшін» құрылған. Шетелде КСРО-ның сауда өкілдіктері оған бағынады.
Сыртқы сауда министрлігінің орталық аппараты thumb|left|200px|Смоленская-Сенная алаңындағы көпқабатты ғимарат, 32/34 Сыртқы сауда министрлігінің орталық аппараты Мәскеуде, Смоленская-Сенная алаңында орналасқан көпқабатты ғимаратта № 32-34 үйде, онда КСРО сыртқы істер министрлігі де орналасты.
Сыртқы сауда министрінің хатшылығы және аппараты Сыртқы сауда министрлері орынбасарларының хатшылықтары Сыртқы сауда министрлігінің алқасы Бас басқармалар Бас инженерлі-техникалық басқарма (БИТБ) Басқарма Кадрлар басқармасы Есептеу орталығы Партком (аудандық комитеттің құқықтарымен) Комитет комсомола (аудандық комитеттің құқықтарымен) Кәсіподақ комитеті Емхана
Білім беру және ғылыми мекемелер Сыртқы сауда министрлігіне тікелей бағынатын мекемелер: 2006 жылы 75 жылдық мерейтойын атап өткен Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясы (БССА). Осы жылдар ішінде 15 мыңнан астам халықаралық-экономист мамандарын даярлады. Бүкілодақтық жағдаяттық ғылыми-зерттеу институты (КСРО ССМ БЖҒЗИ). Жағдаяттық ғылыми-зерттеу институты (ЖҒЗИ) 1947 жылы КСРО Сыртқы сауда министрлігінің қарамағында министрлікке және басқа да мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге сыртқы экономикалық саясатты әзірлеуде және сыртқы саудаға қатысты практикалық мәселелерді шешуде ғылыми-ақпараттық қолдау көрсету үшін құрылды. 1978 жылы институт Бүкілодақтық мәртебеге (БЖҒЗИ), ал 1992 жылы — Бүкілресейлік мәртебеге ие болды. Сыртқы сауда министрлігі үшін кадрларды дайындаған оқу орындары мен факультеттер: КСРО СІМ ММХҚИ ХЭҚ факультеті Мәскеу қаржы институтының ХЭҚ факультеті
Сыртқы сауда министрлігінің аумақтық уәкілеттіктері Кеңес дәуірінің кейінгі кезеңінде республика деңгейінде (КСРО одақтас республикаларында) сыртқы сауда министрліктері болған жоқ. Сыртқы сауда министрлігінің уәкілеттіктері өз аумақтарында сыртқы сауда қызметін өкілдік ету және үйлестіру атқарымдарын істеді.
Бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктері Бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктері (БССБ) өз жарғыларындағы, сыртқы сауда жоспарларының, экспорттық және импорттық рұқсаттар мен лицензиялардың негізінде және олардың шегінде әрбір бірлестікке бекітілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір тізімдемесі бойынша экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асырды.
Сыртқы сауда бірлестіктері — заңды тұлғалардың құқықтарын пайдаланатын дербес шаруашылық ұйымдар. Олар өз міндеттемелері бойынша оқшауланған мүліктік жауапкершілік көтереді.
Шетелдік өкілдіктер Шетелде сыртқы сауда атқарымдарын Сыртқы сауда министрлігіне бағынатын КСРО сауда өкілдіктері жүзеге асырды.
Басқа сыртқы сауда органдары Продинторг (1952 жылы құрылған) Союзплодоимпорт (1960) Кеңес Одағының көмегімен шетелде өнеркәсіптік және басқа да нысандарды салуға байланысты сыртқы сауда алмасуын басқару жөніндегі белгілі бір өкілеттіктер 1957 жылы құрылған (бастапқыда КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы) КСРО-ның Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетіне (КСРО СЭБМК) де берілді. Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру жөніндегі жекелеген құқықтарға Центросоюз және оның құрылымдық органдары да иеленді.
1966 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының сыртқы саудасындағы тауар ағындары бөлінді: «Продинторг» негізінен жануар тектес ауыл шаруашылығы тауарларымен, ал «Союзплодоимпорт» өсімдік тектес тауарлармен — шай, кофе, какао-бұршақтары, шампан шарабы, арақпен айналысты.
Әртүрлі кезеңдерде сондай-ақ келесі Бүкілодақтық бірлестіктер мен кеңселер жұмыс істеді (тізім толық емес): «Союзнефтеэкспорт» (1931), «Союзпромэкспорт», «Экспортлес», «Экспортхлеб» (1923), «Экспортлён», «Союзпушнина» (1931), «Техноэкспорт», «Технопромэкспорт», «Разноэкспорт», «Союззаготэкспорт» (1932), «Промсырьеимпорт», «Технопромимпорт», «Станкоимпорт», «Машиноимпорт», «Разноимпорт» (1936), «Международная книга» (1923), «Востокинторг», «Совмонголторг», «Дальинторг», «Совфрахт» (1929), «Ирансовтранс» (1935), «Ленвнештранс», «Совэкспортфильм» (1924/45), «Скотоимпорт» (1932), «Техвнештранс» (1969).
Тағы қараңыз КСРО Сыртқы сауда банкі Мемлекеттік сауда Шетелдегі кеңестік мүлік жөніндегі бас басқарма Экономикалық өзара көмек кеңесі
Сілтеме
Музей торговли СССР — MintorgMuseum
Дереккөздер
Санат:КСРО министрліктері